Пәкістанда өткен АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер нәтижесіз аяқталды
Пәкістанда өткен АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер нәтижесіз аяқталды
20 күн бұрын 410
Пәкістанда өткен АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер нәтижесіз аяқталды.
Вице-президент Джей Ди Вэнс 21 сағатқа созылған пікірталастан кейін бейбіт келісімге қол қоймастан Исламабадтан ұшып кетті.
Оның айтуынша, Тегеран ядролық қару жасаудан бас тарту туралы міндеттемелерді алудан үзілді-кесілді бас тартқан. Дәл осы тармақты Дональд Трамп әкімшілігі кез келген уағдаластық үшін басты шарт ретінде белгілеген болатын.
Ирандық БАҚ өкілдері де диалогтың үзілгенін растап отыр.
"Tasnim" агенттігі Вашингтонды «келісім негізін бұзған шамадан тыс талаптар қойды» деп айыптады.
Ал Press TV журналистері келіссөздегі басты кедергілер — Үрміз бұғазындағы еркін кеме қатынасы мәртебесі мен Иранның жеке ядролық бағдарламасын дамыту құқығы болғанын хабарлады.
Енді Вэнс АҚШ-қа ешқандай нәтижесіз оралғаннан кейін, алдағы уақыттағы бітімгершіліктің тағдыры белгісіз күйде қалып отыр.
 
 
Өмір Шыныбекұлының Фейсбуктегі рапақшасынан
 
Иран әлемде алғашқы "ондыққа" енген жоғары технологиялық жалғыз ислам мемлекеті
 
Тіпті, кейбір позицияларда алғашқы "бестікте" мығым отыр. Білімі мен ғылымы озық деген Түркияның өзі бұл "ондықты" маңайлай алмайды.
Ирандағы университеттер мен жоғары оқу орындарындағы оқытушы-профессорлар құрамының 60 пайызы әйелдер екен.
Батыс пен сионистік медиа алпауыттар 47 жыл бойы әлемді "бұл елді молдалар билейді, әйелдері хиджап киеді, ортағасырлық мешеу мемлекет" деп демонизация жасаумен айналысты. Иран парламентінде діни қызметкерлер саны 16 пайыз ғана. Олардың өзі кезінде Битлз, Майкл Джексон сияқты батыстың рок-поп шығармаларын заңдастыруға келісім берген. Керісінше, ол шығармаларға сәулелі білімі бар, батыс көрген деп есептелген бұрынғы президенті Махмұт Ахмединежад тыйым салды.
Кеше бір айға созылған соғыста Иран саясаткерлері барынша салқынқандылық танытты. Израильге зымыран атқыламас бұрын, еврей халқына таса жерге тығылу туралы алдын-ала ескертіп отырды. Израиль секілді ескертпестен, бейбіт тұрғындарға оқтұмсық бағыттамады.
Біз Иран халқының ұйымшылдығын, саясаткерлерінің IQ деңгейі өте жоғары екенін, сауатты саясат жүргізгенін көзбен көрдік. Қаншама басшысын қырып тастаса да парсылар бас имеді. Әлемде бақайшағына дейін қаруланған бірінші армияның мысын құртты. Бетін қайтарды. Бір өзі 15 мемлекетті тарының қауызына сыйдырды. Әлемдік экономиканы комаға жібере жаздады.
Осы соғыстағы әскери стратегиясының шеберлігін әлі талай озық университеттер оқулыққа енгізетіні анық.
Алдағы уақытта соғыс қайтадан жалғасса да мұндай халықты, мұндай елді бағындыру мүмкін емес!
Ал мына суретте Пәкістандағы келіссөзге келген екі мемлекет өкілдерінің білім дәрежесі көрсетіліпті.
 
Тоқтар Жақаштың Фейсбуктегі парақшасынан 
0 пікір
Мұрағат