|
Өзге елде қаза тапқан еңбек мигрантының мәйіті мемлекет есебінен елге жеткізіледі
|
Шетелде жұмыс істеп жүріп қайтыс болған еңбек мигранттарының мәйітін елге жеткізу шығынын мемлекет өз мойнына алатын болды. Өзбекстанда. Дәлірегі, мұндай шығынды көші-қон қоры жабатын болды. Бұл жайында islam.kz порталы kun.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тиісті норма “Жерлеу және ақтық сапарға шығарып салу туралы” заңнамаға енгізілді. Аталмыш өзгертуге сәйкес нәпақасын жат жерде айырып жүріп қайтыс болған өзбек азаматының денесін елге министрлер кабинетінің көші-қон агенттігі арқылы бөлінген қаражатпен жеткізіледі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді
■
Шотландия астанасында алғашқы мұсылман мектебі ашылады
■
Қан құрамындағы қант деңгейінің көтерілуіне әсер ететін тағы бір фактор анықталды