Олар өмір сүруді біледі (метафора)
Олар өмір сүруді біледі (метафора)
5 жыл бұрын 3859 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жуырда Жапон билігі Cool Japan деп аталатын, былайша айтқанда, "жұмсақ күш" стратегиясын қабылдады. Мақсаты жапон мәдениетін, дниетанымын әлемге паш етуге, насихаттауға, жаюға саяды. Сол арқылы өз ықпалын арттыруға күш салмақ. Күншығыс елінің «Джиджи» жаңалықтар қызметі таратқан хабарға қарағанда, аталмыш стратегияны жүзеге асыратын арнайы орган құрылады. Бұл орган өз кезегінде бизнес әлемімен, инвесторлармен, дипломаттармен, т.б. ықпалды әрі құзырлы орындармен ынтымақтастық орнатып, әлеуметтік желіде жапон мәдниетін танытуды көздеп отыр. Cool Japan стратегиясы "Жапон" брендін танытуды маөсат ететін Интеллектуалдық меншік басқармасының жиналысында мақұланды. Жаһандық жақындасу, интеграция қарқын алған, қазіргідей ақпарат ағыны заманда күштеп жаулап алудан қаймығатын, әлемге озық технологиясымен, өркендеген экономикасымен, басқа да жетістіктерімен танымал ірі державалар осы бастан қам жасап жатыр. Осылайша өз өнімін өткізу, геосаясатта өзінің мүддесін алға шығаруды мақсат етеді. Естеріңізде болса, кезінде түріктердің "Түркияның жұмсақ күші" (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/turkiyanyn-jumsaq-kushi-11394#gsc.tab=0), қытайдың "Жұмсақ күш" тактикасы мен стратегиясы" (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/jumsaq-kush-taktikasy-men-strategiyasy-10907#gsc.tab=0), орыстың, тағы басқа державлардың жұмсақ күші туралы ішінара, біршама ақпарат берген болатынбыз. 

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жұмсақ күш - мәжбүрлеу, ақша әсері немесе күштеу емес, сендіру (иландыру) арқылы әсер ету немесе біріктіру қабілет. Жұмсақ күш концепциясын («ағылш. soft power») Гарвард университетінің профессоры Джозеф Най ұсынды. Қазіргі таңда әлеуметтік немесе қоғамдық пікірге саяси, не саяси емес институттар арқылы әсер ету де жатқызылады. Най терминді алғаш рет 1990 жылы өзінің "Bound to Lead: The Changing Nature of American Power" кітабында атап өтті.

 

0 пікір
Мұрағат