Нельсонның немересі мұсылман екенін мәлімдеймін деп бәлеге қалды
Нельсонның немересі мұсылман екенін мәлімдеймін деп бәлеге қалды
8 жыл бұрын 2816 muslim.kz

Әлемдік қайраткер Нельсон Манделаның немересі мұсылман екенін ақпараттық құралдар жарыса жариялап, мұсылман жұртшылығынан сүйінші сұрағандай етіп жеткізген еді. Алайда, бұл жағымды хабар «басты кейіпкер» Нельсонның немересі үшін жағымды болмай отыр.

Негізінде Нкоси Звеливелиде Манделаның Ислам дінін қабылдағанына бір жылдан асқан көрінеді. Тек бұл жайт Нкосидың төртінші әйелімен неке қию рәсімін өткізгеннен соң белгілі болған.

Туған ауылы Мвезиде «Салтанатты ақсақал» ретінде құрметтелетін Нкосидың мұсылмандық қабылдағанын естіген Оңтүстік Африка Республикасындағы басқа дәстүрлі көсемдер оны атағынан айыру керек деп наразылықтарын білдіруде. Айта кетейік, «Салтанатты ақсақал» атағы Африкада аса құрметтеледі әрі қоғамда айтулы орны бар.

«Біз оның Ислам дініне өткенін естігенде таң қалдық. Біз ашулымыз! Біздің дәстүріміз бойынша дінді әйел ұстанады, еркек емес. Дәстүрлі көсемдер жасырын үйленбейді», – дейді ОАР дәстүрлі көсемдер Конгрессінің төрағасы Мвело Нонконьяне.

0 пікір
Мұрағат