Естеріңізге сала кетсек, бүгін Egypt Air компаниясының ұшағын белгісіз біреудің Кипрге күштеп қондырғанын хабарлаған едік. Артынша лайнерді АҚШ-тағы университет профессоры Ибрагим Самаха басып алған деген ақпарат тарады. ТАСС-тың хабарлауынша, ұшақты Ибрагим Самаха емес Каир университетінің профессоры Сейф ад-Дин Мустафа күштеп қондырған. Ал жуырда ғана осы ұшақтан босатылып, сыртқа шыққан жолаушылардың босатылу сәті түсірілген бейнеролик ғаламторда пайда болды. Бейнематериалды Кипр телеарналарының бірі көрсетті.