Мұсылмандарға қаны қас радикалдық пиғылдағы партияның жұмысына тыйым салмақ (видео)
Мұсылмандарға қаны қас радикалдық пиғылдағы партияның жұмысына тыйым салмақ (видео)
8 жыл бұрын 3048

Германия федералдық конституциялық сотында экстремистік пиғылдағы ұлттық-демократиялық партияның жұмысына тыйым салу жөніндегі істі тыңдау басталды. Сарапшылар оны «Еуропадағы радикалдық партия» деп атағанына бірнеше жыл болды. Күдікті ұйымның өз астанасы мен 5 мыңға жуық мүшесі де бар екен. Алайда бағыты бұлыңғыр бұл партияны жабу неміс билігіне оңайға түспейтін секілді. Бұл – Германияның ұлттық-демократиялық партиясының жұмысына тыйым салу туралы екінші әрекеті. Бірінші рет 2001 жылы оның қызметін тоқтатқылары келді. Алайда партия мүшелері ауыр қылмыстар жасап, өздеріне қол жұмсауға дейін барды. Осылайша олардың кінәсін дәлелдеу мүмкін болмай, әрекеттері жүзеге аспады. Дегенмен ұлттық-демократиялық партия ГФР-дың конститутциясын бұзды ма деген мәселе төңірегіндегі пікірталас ондаған жылдар бойы жалғасып келеді. Жұртшылықтың көпшілігі партия қоғамда өшпенділік пен ұлтаралық алауыздық тудырды деп ойлайды. Сондықтан да олар басқа партиялар сияқты мемлекеттен қаржылай көмек алуға тиісті емес деп санайды. Питер Берлин, қаласының тұрғыны: - Германияның тұрғыны ретінде менің алдымда екі таңдау тұр. Менің озбырлыққа жаным қас, сондықтан бұл партияға қарсымын. Бұл партияның қызметін жалғастырғанын қаламаймын. Олардың үгітіне көп адамдардың ергені өте өкінішті. ГҰДП – Германиядағы ең көне партиялардың бірі. Жарты ғасырлық тарихы бар бола тұра, сайлаушылар алдында қатты танымал бола қоймаған. Бүгінде бұл партия Германияның Саксония мен Мекленбург сынды екі федералды жерінде жұмыс істеуде. Ал Бундестагқа әсіре ұлтшылдар партиясы жете алмады. Дегенмен қазіргі миграциялық дағдарыс кезінде парияның жақтастары көбейе түсті. Олар босқындарға қарсы мыңдаған митингілер өткізді, мигранттар өміріне қол салды, жүздеген баспананы өртеді. Сондай-ақ партияның саяси қызметі – демократиялық құрылымға кедергі келтіріп, орнынан тайдыру. Осының барлығы істі қайта қарауға себеп болды. Андреас Восскуле, ГФР Конститутциялық сотының президенті: - Партияның, оның мүшелері мен жақтастарының мақсаттары демократиялық тәртіпті құлату екені дәлелденсе, ұйым конституцияға қайшы әрекет жасады деп танылып, оның жұмысына тыйым салынуы мүмкін. Бұның барлығы дәлелденсе, неміс конституциялық соты Германияның ұлттық-демократиялық партиясын тарату туралы ресми түрде шешім шығарады. ГФР-да саяси партияның жұмысына тыйым салу конституцияға қарсы болып табылады. Ол тек федералдық конституциялық соттың шешімі арқылы ғана жүзеге асады. Соңғы 70 жылда Германияда есте қалған екі оқиға бар. Олар – ашық революцияға шақырған социалистік және коммунистік партиялардың таратылуы.

 

0 пікір
Мұрағат