Минадан жер жастанып жатқандардың қарасы көбейіп келеді
Минадан жер жастанып жатқандардың қарасы көбейіп келеді
4 жыл бұрын 3423 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаяу әскерді жоюға арналған минадан ажал құшқандар қарасы артып келеді. Күллі әлем бойынша. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаяу әскерге қолданылатын жарылғыш затты өндіруге, жинауға, тасымалдауға толық тыйым салуды қарастыратын конвенция 1999 жылдың наурыз айының 1-і күні Оттава қаласында қабылданған болатын, бүгінде аталмыш конвенцияға әлемнің 164 елі қосылған.

Ал bbc.com ақпарат көзінің келтірген дерегіне үңілсек, осынау аса қауіпті, жасырын жарылғыш құрылғы әлемнің 60-тан аса елінде жер астында жатыр. Олардың жалпы саны 110 млн-нан асады. Кезіндегі соғыс пен қарулы қақтығыстан тазаланбай қалып қойған. Әсіресе, соғыстан көз ашпаған Ауғанстан, Сирия, Босния, Лаос, Камбоджа, ангола, Либия, Мьянма секілде елдер аумағында өте көп. Бір ғана 2015 жылы әлем бойынша минаның жарылуынан 6500-ге тарта адам бақилық болған және кемтар болып қалған. 1997 жылы жаяу әскерге қарсы минаны қолдануға тыйым салу қарастырылған конвенцияға әлемнің 162 елі қосылған екен. Яғни, аталмыш құжатта қарастырылған талаптарға сай бұл конвенцияға қол қойған елдер минаны жасамауға, сақтамауға, қолданбауға, таратпауға міндеттеме алған. 

2020 жылы International Campaign to Ban Landmines, ICBL (Жаяу әскерге қарсы минаға тыйым салу жөніндегі халықаралық қозғалыс) келтірген дерегіне қарағанда, әлем қауымдастығының талап-тілегі мен күш-жігеріне қарамастан 2019 жылы мина әлем бойынша 2170 адамның өмірін жалмап, 3357 адамды жарақаттаған екен. Минадан опат болғандардың 80 пайыздан астамы бейбіт тұрғындар, олардың 43 пайызын балалар құраған. Минадан көз жұмғандар қарасы Ауғанстанда, Колумбияда, Иракта, Малиде, Нигерияда, Украинада және Йеменде көп. Бір ғана 2019 жылы жаяу әскерге қарсы минаға түсіп өлгендердің 33%-ы Оттава конвенциясына қосылған 55 елде тіркелген. 2019 жылы 269 мың мина залалсыздандырылған екен. Ал әлем бойынша 55 млн-нан көп мина қауіп төндіріп тұр, яғни, осынша мина залалсыздандырылмаған. Бір қынжылтатыны, бұл конвенцияға АҚШ, Израил, Мысыр, Непал қосылған жоқ. 12 мемлекет (Ресей Федерациясы, Қытай, АҚШ, Үндістан, Куба, Пәкістан, Иран, Сигапур, Ветьнам, Оңтүстік және Солтүстік Корея) мина өндірумен айналысады. Сарапшылардың есебінше, бір ғана Украина аумағында залалсыздандырылмаған 3,3 мина бар. Бұл көрсеткіш Грекияда 343 мыңға жетеді, ал Шри-Ланкада 62 мыңды құрап отыр.

Ұқсас материалдар:

«Түріктердің минадан тазалау машинасы сынақтан сәтті өтті» (https://islam.kz/kk/news/alem/turikterdin-minadan-tazalau-mashinasy-synaqtan-satti-otti-video-14793/#gsc.tab=0);

«Жеңіліске ұшырай басатаған армяндар тыйым салынған кассеталық бомбаны қолдана бастады. Кассеталық бомбаға қатысты аз-кем мәлімет» (https://islam.kz/kk/news/alem/jeniliske-ushyrai-basatagan-armyandar-tyiym-salyngan-kassetalyq-bombany-qoldana-bastady-kassetalyq-bombaga-qatysty-az-kem-malime-14340/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат