Миллиардерлердің капиталы күн сайын 2,7 миллиард долларға артады
Миллиардерлердің капиталы күн сайын 2,7 миллиард долларға артады
2 жыл бұрын 1610 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сарапшылар 2020 жылдан бастап қаражаттың басым бөлігі адамдардың ат төбеліндей аз ғана тобына, дәлірегі, 1%-на шоғырланғанын (жиналғанын) хабарлады. Капитал өсімі өз кезегінде азық-түлік пен энергия бағасының өсуіне ықпал еткен. Бұл жайында islam.kz порталы Forbes Russia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Oxfam халықаралық қайырымдылық және гуманитарлық ұйымының Давос форумының ашылуына орайластырылған есебіне сәйкес 2020 жылдан бастап әлемде жаңадан жиналған жеке байлықтың үштен екісі (63%) әлем халқының небәрі 1%-ына тиесілі болып шыққан. Ғалымдардың бұл тараптағы зерттеу нәтижесі бойынша пандемия мен өмір сүру құнының өсуі кезінде 2020 жылдан бері жиналған жалпы сомасы 26 триллион доллар әлемдегі ең бай адамдардың 1% -ның қолына шоғырланған, ал қалған 99% -ы немесе бар болғаны 16 триллион доллар (өсім  37%-ды құраған) әлемнің қарапайым тұрғындарының қолында қалған. Oxfam мәліметіне сенсек, азық-түлік және энергетикалық 95 корпорация өткен жылы кірістерін екі еседен астам арттырып, акционерлеріне 257 миллиард доллар төледі. Осылайша әлемдегі ең бай адамдардың байлығы күн сайын 2,7 миллиард долларға артып отырған. 800 миллион адам күн сайын ашқұрсақ жүреді және бүкіл әлем бойынша кем дегенде 1,7 миллиард жұмысшының жалақысының мөлшері инфляцияның өсу индексін «қуып жете алмайды», яғни, киім-кешекті былай қойғанда, күнделікті ішер асына жетпейді тапқан-таянғаны. Бұдан бөлек, коммуналдық қызметке төлем қабілетсіздігі артып келеді. Ғалымдар әлемде кедейлік деңгейі 25 жыл ішінде алғаш рет көтерілгенін атап өтті. «Ең кедей елдер денсаулық сақтау саласына қарағанда, көбінесе қалтасы қалың, ашкөз жеке кредиторлардың қарызын өтеуге төрт есе көп жұмсайды», - деп айтылған Oxfam баяндамасында. Аталған ұйымның бағалауы бойынша алдағы бес жылда мемлекеттердің төрттен үш бөлігі шығындарды қысқартуды көздеп отыр, яғни, қысқартулардың жалпы сомасы 7,8 триллион долларды құрайды. Теңсіздікпен күресу үшін Oxfam сарапшылары дәулеті шалқыған байларға салынатын салық мөлшерін арттыруды ұсынып отыр. Ұйымның мәліметінше, қазіргі салық түсімдерінің әрбір долларына шаққанда байлыққа салынатын салық мөлшері төрт центтен аспайды. «Байлыққа салық салудың сәтсіздігі табысы төмен және орташа елдерде айқын байқалады», - дейді зерттеушілер. Сонымен қатар, әлем елдерінің үштен екісі миллиардерлердің ұрпақтарына берілген мұра мен мүлікке қатысты салықты талап етпейді. Миллиардерлердің жартысы осындай елдерде тұрады: осылайша миллиардерлер өз балаларына салық төлемей 5 триллион долларды мұраға қалдырады - бұл көрсеткіш күллі Африканың жалпы ішкі өніміне тең, деп хабарлайды Oxfam. «Әрбір миллиардер – саяси сәтсіздік. Байлықтың шектен тыс шоғырлануы экономикалық өсуді тежейді, саясат пен бұұқаралық ақпарат құралдарын сыбайлас жемқорлықтың ордасына айналдырады бүлдіреді, демократияға қауіп төндіреді және саяси поляризацияға ықпал етеді», - делінген баяндамада. Зерттеушілер, сонымен қатар, ауқатты байлар климаттың өзгеруіне ең көп үлес қосатынын алға тартып отыр: «Миллиардер өз инвестициялары арқылы атмосфераға орташа адамға қарағанда миллион есе көп көміртекті шығарады, ал миллиардер орташа инвесторға қарағанда екі есе көп инвестициялайды қазба отын сияқты ластаушы салаларға». Oxfam өкілдері миллиардерлер мен мультимиллионерлердің байлығынан 5 пайыздық үстеме ақы өндіріп алу өз кезегінде екі миллиард адамды кедейліктен құтқарып, «аштықты тоқтатудың жаһандық жоспарын» қаржыландыруға мүмкіндік береді, деп есептейді. 2022 жылы Forbes әлемдегі ең бай адамдар тізіміне 2 668 миллиардер кіргенін, бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 87 адамға көп екенін алға тартып отыр. Олардың жалпы байлығы 12,7 триллион долларға бағаланып отыр. Қаңтар айының 16-ғы жағдай бойынша (нақты уақытта жаңартылып отыратын реитинг дерегі бойынша) әлемдегі ең бай адамдардың үштігінде Louis Vuitton Moët Hennessy президенті Бернар Арно (209,2 миллиард доллар), Tesla негізін қалаушы Илон Маск (146 миллиард доллар) және Adani Group негізін қалаушы Гаутам Адани (129,3 миллиард доллар) кіреді.

 

0 пікір
Мұрағат