|
Мешіттерді неміс тілінде сөйлетпек
|
Германиядағы барлық мешіт неміс тіліне көшуі керек. Бұл туралы немістердің алдыңғы қатарлы саясаткер-консерваторы Андреас Шойер мәлімдеді. Сонымен қатар ол, елдің ішінде орын тепкен мешіттердің сырттан қаржыландырылмауын, әсіресе, Сауд Арабиясы тарапынан жүзеге аспауын талап етті.
«Германия мешіттерінде барлығы неміс тілінде сөйлеуі тиіс. Имамдарды оқыту да неміс тілінде жүзеге асуы керек. Егер олар осында тұрғысы келсе, онда біздің құнды дүниелерімізге құрметпен қарауы керек, - деді саясаткер.
ГФР-де орналасқан мешіттердің дені Дін істері жөніндегі түрік-ислам одағына қарайды. Осы мешіттердегі имамдар да Түрік республикасының тумалары.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді