|
Мектеп бітірушілер бал кастюмінен неге бас тартты?
|
Сербияның Пирот қаласындағы гимназия бітірушілері мектеппен қоштасу кешінде киіп шығуы тиіс кастюм алудан бас тартты. Қайырымдылық шараларына жұмсау үшін. «Сенің бес минуттық жарқырап жүргенің – біреулердің тұтас өмірі болуы мүмкін» деген атпен ұйымдастырылған акцияға осылай үн қатуда. «Бір кигеннен кейін кимеуім мүмкін қымбат кастюм алуға жұмсайтын ақша мұқтаж жанның қажетіне керек болып қалар», - деді түлектердің бірі Брана Костич. Мектеп бітірушілер өздерінің бұл қадамы кейінгілерге үлгі болса дейді. Нәтижесінде, мектеп бітірушілер жинаған қаржы сырқаты ауыр науқастардың отбасыларына табыс етілді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді