|
Мекке мен Мәдинада коменданттық сағат енгізілді
|
Саудия билігі пандемияға байланысты исі мұсылман үшін қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларында коменданттық сағат енгізді. 24 сағат бойы аталған қала тұрғындары азық-түлік сатып алу үшін және медициналық қызметке жүгіну үшін ғана сағат таңғы 6-дан 15:00-ге дейінгі аралықта үйлерінен шыға алады. Бұл жайында «әл-Арабия» ақпарат көзі хабар таратты. Дәріханалар мен азық-түлік дүкендерінен басқа барлық коммерциялық мекемелер жабылады. Аталған елдің ішкі істер министрлігі қандай ұйымдардың жұмысын тоқтатпайтынын нақтылады: әскери мекемелер, қауіпсіздік қызметі, бұқаралық ақпарат құралдары және медициналық мекемелер. Соңғы мәлімет бойынша Саудия аумағында 1885 адам індет жұқтырып, олардың 21-і қаза тапқан. 328 адам жазылып шыққан.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
ДТҰ арқылы ұрықтанған балалардың ДНҚ-сынан ерекше ауытқу табылды
■
Халқы ашқұрсақ ел мол өнім алатын ерекше әдіс ойлап тапты (фото)
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды