|
Марокконың қолөнер секторы: 140 миллиард дирхам айналымға ие индустрия экономиканың негізгі тіректерінің біріне айналған
|
Марокконың қолөнер саласы ұлт экономикасына елеулі үлес қосып келеді. Жылына 140 млрд дирхам (аталған араб елінің төл ақшасы, яғни, ұлттық валютасы) айналымға ие бұл сектор жалпы ішкі өнімнің 7%-н құрап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Yabiladi дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қолөнер секторы жалпы айналымы бойынша өндірістік қолөнер (96,3 млрд дирхам) және сервистік қолөнер (43,7 млрд дирхам) болып бөлінеді. Негізінде бұл сектор 275 000 қолөнер бірлігінен және бүкіл ел бойынша 2 063 компаниядан тұрады. Қолөнер экспорты 2024 жылы шамамен 1,11 млрд дирхамға жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3% -ға артқан. Сонымен қатар, 251 шебер мемлекет тарапынан сапа белгілерімен марапатталды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Түркі елінде сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастар саны артып келеді
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді
■
«Төртінші дублер» құпиясы