Мәйітті пластинирлеу, мәйіттен көрме ұйымдастыру - мәйітті қорлау
|
Белгияның Фламанд аймағындағы аса ықпалды әрі беделді, жаңалықтар тарататын Knack мерзімді, апталық басылымның бір жарым млн оқырманы бар. Аталмыш апталықтың ақпан айының 25-і күнгі санында Қытайдағы адам құқығының бұзылуымен әрі өлген адамдар мәйітінің көрмесі хақында мақала жарық көрді. Бұл жайында islam.kz порталы en.minghui.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш аты-шулы мақала авторы - Труи Энгельс. Ол деректерді Қытайдағы трансплантация саласындағы былық-шылықты (аталған саланы өздерінің пайдасына пайдалану) тоқтату туралы халықаралық коалиция (ETAC) келтірген мәліметтен алған екен. Автордың жазуынша, Антверпен спорт сарайына (Antwerps Sportpaleis) қойылған пластинирленген адам денесі кезінде азапталып өлтірілген Қытай тұтқынында болған адамға тиесілі. Осы тұста оқырманға түсінікті болу үшін пластинирленген сөзінің мән-мағынасын аша кетеміз. Уикипедия электронды энциклопедияның орысша нұсқасында мынадай анықтама берілген екен: Пластинирлеу – балзамдау әдісі әрі биологиялық тіндердегі су мен липидтерді полимер мен смолаға алмастырудан тұратын анатомиялық дәрі-дәрмекті консервациялау тәсілі. Пластинирлеу тәсілін 1970-ші жылдары Гунтер фон Хагенс есімді дәрігер ойлап тапқан. 1993 жылдан бері ол өзі құрған Пластинирлеу институтына жетекшілік еткен. Оның айтуынша, бір адамның денесін пластинирлеуге 1000-1500 сағат кетеді.
Адам мәйітін пластинирлеу арқылы мүрделер мен олардың ағзаларынан композиция ұйымдастырып, көрме ұйымдастырады. Бұл көрме өз кезегінде қоғамда қашанша талас-тартысқа ұласып, үлкен дүрбелең тудырып жатады. Белгия, Нидерланды, Люксембургті қамтитын Бентлюкс елдеріндегі ETAC аймақтық менеджері Эльке Ван ден Бранденің айтуынша, этикалық нормаларға сәйкес мәйіті көрмеге экспонат ретінде қойылған әр адамның дерегі мен оның өлімі туралы мәлімет жұртшылықтың назарына ұсынылуы керек. Осылай деген ол Қытайдан алынған мәйіттердің халықаралық ұйымдар талап еткен құжаттары жоқ болып шыққан. Бұдан бөлек, мәйіттің тағы бір шикілігі ашылған: тірі көзі кезінде өз денесін қандай да бір ғылыми айналымға, яғни, ғылыми мақсатта пайдалануға болады дейтін мүрде иесінің жазбаша келісімі де жоқ болып шықты. ETAC өкілдерінің айтуынша, бұл мәйіттер саяси қуған-сүргінге түскен, яғни, солақай саясаттың құрбаны болған, дәлірегі, мәйітті пластинироеумен шұғылданатын Ляонин проыинциясына қарасты Далян қаласындағы компания маңындағы еңбек лагерлерінің тұтқындарынікі. Қытайдағы аталған компания 1999 жылы ашылған; сол жылы Қытайдың коммунистік партиясы медитативті практикамен айналысатындардың (сол кезде шамамен 100 млн адам шұғылданған) бұл ісіне тосқауыл қою мақсатында қуғындау науқанын бастаған болатын. Бұл аралықта Қытай мағында мәйітті пластинирлеу индустриясы қарқын алып, қарыштап дами бастады, ал ағзалар трансплантациялау отасы геометриялық прогреспен өсе бастаған. Ван ден Бранденің мәлімдеуінше, түбі шикі, керек десеңіз, мәйітті қорлаумен бірдей мұндай парктика Қытай аумағында ең алдымен Фалуньгунмен шұғылданатындарға алдымен қолданылған. Яғни, көрмеге қойылған мәйіттер Фалуньгунмен шұғылданып, Қытайц билігінің қырына іліккен бейбақтардікі екенін айтып отыр. Енді белгиялық Knack мерзімді басылымының Қытайдағы ағзаларды алу туралы мақаласынан үзінді келтіре кетеміз: «Қытайдағы пластинирлеу индустриясының тарихы 20 жылдай болып қалды, - деп жалғастырды Ван ден Бранде. – Далян – ағзаларды трансплантациялау мен мәйітті пласинирлеудің және Фалуньгунмен шұғылданатындарды қуғындаудың аса ірі орталығы. 2008 жылы Нью-Йорктің бас прокуроры көрмені ұйымдастырушыларды олардың қытай түрмесінің тұтқындарының мәйіті ме, жоқ па, оны тексеруге жол берілмейтіні турасында кіреберіске тақта іліп қоюды міндеттейтін бұйрық шығарды».
Ван ден Бранде өлім жазасы қолданылатын, соның ішінде Қытайдан пластинирленген мәйіттерді әкелуге тыйым салуды ұсынып отыр. Франция, Чехия, Израил мен АҚШ-тың Гавай штаттарында мұндай тыйым енгізіліп те қойған. Сондай-ақ, ол мұндай көрмені ағартушылық мақсатта пайдаланылатындықтан көрмеге қойылған адам мәйітіне толыққанды құрметпен қарау, яғни, этикалық талаптарды сақтау керектігін алға тартып отыр. Ал қандай да бір саяси немесе қылмыстық жолмен келген мұндай мәйіттер көрмеге қойылмауы тиіс. 2000-2001 жылдар аралығында (1999 жылдан басталған Фалуньгунмен шұғылданушыларды қуғындау науқаны кезінде) 500 000-нан 1 млн адамға дейін тұтқындалған. Бұл науқанға полиция да атсалысқан, осылайша қылмыстық іске шатылып, адам мәйітін пластинирлеу мен ағзаларын заңсыз алу (тұтқындардың келісімінсіз) индустриясының қанат жаюына ықпал еткен. Электронды жолмен жолданған хатта жазылғандай, Даляндағы пластинирлеу науқанында бірнеше сағат бұрын бауыры мен бүйрегі алынған мәйіттердің жіберілгені турасында айтылған. Расында да көрмеде бауыры немесе бүйрегі жоқ мәйіттер баршылық. 2015 жылы Қытай коммунистік партиясы тұтқындардың ағзаларын алу тәжірибесін тоқтататынын күллі жаһанға жар салып, жария етті. Халықаралық құқық қорғаушылар мен әлем қауымдастығының қысымымен тоқтатты. Алайда, «өз еркімен ағзаларын құрбан еткісі» келетіндер үшін мұндай тәжірибе жүргізіле беретінін да жасырмады. Алайда, статистикалық мағлұматтар сараптамасы көрсеткендей, Қытай билігі әлем қауымдастығын тағы алдағаны белгілі болды. 2006 жылы шетелдік тілшілер Қытай емханаларындағы дәрігерлермен тілдесу арқылы Қытай билігінің өтірігін тағы әшкерелеген еді: қытай дәрігерлері Фалуньгунмен шұғылданатындардың ағзаларын алып, донор мәселесін шешкендерін мойындаған еді. Ал 2018-2019 жылдар аралығындағы зерттеу барысында жап-жас, дені-қарны сау жігіттердің де ағзалары алынғаны белгілі болды. Шаньдун провинциясына қарасты Яньтай қалалық округындегі Юйхуандин емханасының дәрігерлері мұндай жолмен жүздеген ағза трансплантациясы жасалғанын жеткізді. Лондондағы тәуелсіз трибунал Қытай билігінің талай ыл бойы зорлық-зомбылық көрсету жолмен ағза трансплантациялау тәжірибесін жүзеге асырып келгенін анықтады.