Латын Америка елі жануарларды ғылыми мақсатта пайдалануға қарсы заң жобасын қабылдауы мүмкін
|
Колумбия сенаты жануарлар құқығын кеңейтуге бағытталған заң жобасы мен конституцияға енгізілетін түзетулерді қарастырып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Nature ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң жобасы тірі фаунаны пайдаланатын барлық дерлік зерттеулерге тыйым салуы мүмкін. Колумбия – әлемдегі биологиялық әралуандылық бойынша ең бай ел. Ғалымдар тұмса табиғат пен белгісіз түрлерді қадағалап келеді. Дегенмен қоршаған ортаны радикалды тәсілмен қорғауды ұсынып отыр. Сенатқа енгізілген заң жобасы тірі жануарларды уыттылығы бойынша немесе биологиялық зерттеулерге және соған байланысты зерттеулерге арналған академиялық және ғылыми зерттеулерде пайдалануға тыйым салады. Ғылыми орта бұл бастаманы құптамады, ғалымдардың айтуынша, мұндай шектеу ғылымның дамуына кедергі келтіреді және жабайы жануарлар тарапынан адамзатқа қауіп төндіретін және экологиялық жүйеге қатерлі инвазиялық инфекциялардың алдын алуға кедергі келтіреді деп есептейді.
Ұқсас материалдар:
«Жыл сайын тәжірибе барысында 100 млн-дай жануар ғалымдардың қолынан өледі!» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/jyl-saiyn-tajiribe-barysynda-100-mln-dai-januar-galymdardyn-qolynan-oledi-15141/#gsc.tab=0);
«Тәжірибе жүргізілетін маймылдар тапшылығы артып келеді» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/tajiribe-jurgiziletin-maimyldar-tapshylygy-artyp-keledi-15230/#gsc.tab=0)