Күрішті ең көп тұтынатын және өндіретін елдер туралы аз-кем мағлұмат
Күрішті ең көп тұтынатын және өндіретін елдер туралы аз-кем мағлұмат
4 жыл бұрын 14105 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Күріш – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан стратегиялық маңызы зор азық. Күрішке әлемде жылдан жылға сұраныс артып келеді. Естеріңізде болса, осыдан аттай үш жыл бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарық көрген «Күріш революциясы» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/kurish-revolyutsiyasy-11122/#gsc.tab=0) материалымызда әлемдегі күріш өндірісі мен тұтыну деңгейіне қатысты деректерді жан-жақты талдап жазған болатынбыз. Күрішті тұтыну деңгейі 2016 жылы рекордтық көрсеткішке жеткен екен. Мысалы, Мьянманың (бұрынғы Бирманың) бір тұрғыны жылына орта есеппен алғанда шамамен 306 келі күріш, Вьетнамның бір тұрғыны 285 келі, Таиланд (233 келі), Бангладеш (229 келі) және Индонезия (210 келі) тұтынған. IndexBox талдау орталығының  «World: Rice - Market Report. Талдау және 2025 жылға дейін болжам жасау» атты баяндамасында келтірілген мәліметке қарағанда бір ғана 2016 жылы әлемде күрішті тұтыну деңгейі 518 млн тоннаға жеткен. 2007 жылдан 2016 жылға дейін бері күрішке деген сұраныс жыл сайын 1,4%-ға тұрақты түрде артып артып отырған. Дәстүрлі тағамы күріштен тұратын Қытайда аталған жылы күрішті тұтыну деңгейі 29%-ды, Үндістанда 19%-ды, ал Индонезия 11%-ды құраған екен. Яғни, 2016 жылы күрішті тұтынудың әлемдік көрсеткішінде аталған үш елдің үлесі 59%-ды құраған болатын. Күрішті тұтыну деңгейі салыстырмалы түрде өзге елдерге қарағанда едәуір өскен елдер қатарында Индонезия 2007-2016 жылдар аралығында (+ 3,0%), Вьетнам (+ 2,9%) және Бангладеш (+ 1,7%). Сарапшылардың есебінше, 2025 жылдың соңына таман әлемдік күріш нарығы жылына 570 млн тоннаға жетпек. Ал күріш ең көп тұтынылған 2016 жылы әлемдегі күріш өндірісі 527 млн тонна болды. 2016 жылы Қытайда 148 млн тонна, Үндістанда 110 млн тонна күріш жиналды, бұл әлемдік күріш өндірісінің 59%*-на жетті. Күріш өндіруден содан кейінгі орындарға Индонезия, Бангладеш, Вьетнам, Таиланд, Мьянма, Филиппин, Бразилия және Жапония жайғасқан. Бір қызығы, сол жылы күріш өндірісі мен тұтыну деңгейі жоғары болғанына қарамастан әлемдік күріш экспорты 35,6 млн тоннадан аспаған. Бұл оның алдындағы жылмен – 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 12%-ға кем. Күрішті экспорттаушы елдер арасында Үндістан (28%), Таиланд (18%) және Вьетнам (17%) көш бастаған. Яғни, аталған елдердің үлесі әлемдегі күріш экспортының 63%-ын құраған. 2016жылғы көрсеткіш бойынша Қытай (АҚШ пен қытай арасындағы сауда-саттық соғысы басталмай тұрғанда) 26,7 млн тонна күріш экспорттаған екен. 2016 жылы әлемдік күріш импортының ақшаға шаққандағы мөлшері 15,1 млрд долларды құраған. Әлемдік күріш импортының 13%-ы Қытайға тиесілі болған. 2016 жылғы күріш импорттаушы елдер көрсеткіші: Индонезия (5%), Біріккен Араб Әмірлігі (4%), Бенин (4%) және Саудия (4%), бұл елдердің күріш импорты әлемдік күріш импортына шаққандағы үлесі 17% болды. Бұл мәліметтер indexbox.io ақпарат көзінен алынды. Ал IGC-тің (экономикалық зерттеулермен айналысатын Халықаралық өсу орталығы) соңғы мәліметіне қарағанда, 2020-21 жылдары Индонезиядағы күріш жиын-теріні, яғни, түсімі 35,6 млн. тоннаға жетеді. Бұл көрсеткіш өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 1,9 млн. тоннаға кем.  Биыл ирандық фермерлер (Таяу Шығыста күрішті тұтыну деңгейі жоғары ел) 2,6 млн тонна күріш жинаған. Бұл жайында парсы елінің ауыл шаруашылық министрлігінің астық және негізгі тауарлар департаментінің бас директоры Әзіз Кәрім мәлім етті. Шиғалар елінің Mehr ақпарат агенттігі келтірген дерек бойынша ел аумағының 800 000 гектарына тек күріш өсіріледі. Елдегі күрішке сұраныс шамамен үш млн тоннаны құрайды. Жылына. Яғни, елдегі сұраныстың 85 пайызын қанағаттандыра алады. Иранның бір азаматы жылына шамамен 35 келі күріш тұтынады. 

0 пікір
Мұрағат