Күнәға батыратын ғимараттар сүрілуде
Күнәға батыратын ғимараттар сүрілуде
8 жыл бұрын 4240

Индонезия астанасы – Жакарта қаласындағы Калиджодо ауданында жезөкшелер мекені болған жүздеген үй булдозермен сүріліп тасталды. Жамандықпен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында. Ол үйлерді сүрмес бұрын ел билігі жезөкшелерге өзге ауданнан мемлекет тарапынан тұрғызылған жаңа үйлерге қоныс аударуға бір апта мұрсат берген болатын. Сондай-ақ, нәпсінің құлы болғандарға адал кәсіпке баулитын курстардан тегін өтуге мүмкіндік берген еді. Бұл жайында «newsru.com» ақпарат көзі хабар таратты. Аталған аудан жезөкшелердің кесірінен сүрілген осымен 70-ші қалашық болып табылады. 2019 жылға дейін тағы осындай 100 ауданды жабу жоспарланып тұр. Әлемде аса ірі мұсылман елі болып табылатын Индонезияда жезөкшелікке заң жүзінде тыйым салынған. Алайда, ел билігі әлі күнге бұл жат әдетті түбірімен жоя алмай келеді. Айта кетейік, Калиджодо ауданындағы сүріліп тасталған үйлердің орнына жасыл желегі жайқалған саябақ салынатын болады.

0 пікір
Мұрағат