Корейлер дәстүрлі тағамынан бас тартып келеді
Корейлер дәстүрлі тағамынан бас тартып келеді
4 жыл бұрын 3933 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Күріш - корейлердің ұлттық ас мәзірінің ажырамас бір бөлігі. Алайда, аталған елде өткен жылы күрішті тұтыну жан басына шаққанда 57,7 келіден аспаған. Бұл көрсеткіш 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,5%-ға кем. Бұл жайында islam.kz порталы No Cut News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал аталған ақпарат көзі өз кезегінде таңғы шық елінің азық-түлік, ауыл, орман және балық шаруашылығы министрлігі келтірген дерекке сілтеме жасаған. Бір қызығы, күріш корейлердің ата-бабасынан бері тұтынып келе жатқан азық болса да 1980-ші жылдан бері оны тұтыну деңгейі біртіндеп төмендеп келеді. Сарапшылар мұны жаһандану кезеңіндегі корейлердің тамақтану әдетін өзгертуімен байланыстырып түсіндіріп отыр. Күріштің жалпы тұтыну және пайдалану мөлшері өткен жылы 650 мың тоннадан аспаған. Бұл көрсеткіш оның алдындағы жылмен салыстырғанда 12,6%*-ға кем. Есесіне корейлер соңғы жылдары жеміс-жидек пен көкөністі, дәнді дақылды азықтарды тұтыну деңгейі 6,1%-дан 8,7 келіге дейін артқан.

Ұқсас материалдар:

«Күрішті ең көп тұтынатын және өндіретін елдер туралы аз-кем мағлұмат» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/kurishti-en-kop-tutynatyn-jane-ondiretin-elder-turaly-az-kem-maglumat-14514/#gsc.tab=0);

«Күріш революциясы» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/kurish-revolyutsiyasy-11122/#gsc.tab=0);

«Эко-зиянды тыңайтқышсыз түсімі мол күріш өсірудің жолы табылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/eko-ziyandy-tynaitqyshsyz-tusimi-mol-kurish-osirudin-joly-tabyldy-14652/#gsc.tab=0);

«Ионды сәуле технологиясының көмегімен күріштің жаңа сорты алынды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/iondy-saule-tehnologiyasynyn-komegimen-kurishtin-jana-sorty-alyndy-14553/#gsc.tab=0);

0 пікір
Мұрағат