Кейбір мұсылман елдеріндегі қаржылық ахуал қандай?
|
Мәселен, Пәкістанның шариғат негізінде жұмыс істейтін банк секторы өткен, яғни, 2014 жылдың үшінші тоқсанындағы есебі бойынша елеулі өсу көрсеткішіне қол жеткізген. Нақтырақ айтқанда, аталмыш елдегі қаржы мекемелерінің табысы 68 пайызға артқан, санмен өрнектесек, алдыңғы, яғни, 2013 жылғы көрсеткіш бойынша 5,6 млрд рупиден 9,4 млрд рупиге (94 млн доллар) өскен. Ал мұсылмандар банкингінің активтері 1,3 пайызға артқан, яғни, аталған мерзім аралығында 1,102 млрд рупиге дейін өскен. Бұған қоса, ислам банктеріндегі депозиттер 0,2 пайызға артқан, яғни, 934 млрд рупиді құраған. Пәкістанның ислами қаржы секторының нарықтағы үлесі 9,8 пайыздан 10,7 пайызға дейін артқан екен. Ал slam-today ақпарат көзінің хабарлауынша, Тунис билігі шариғат талаптарына сай 500 млн доллар мөлшеріндегі құнды қағазды, яғни, сукукты шығаруды 2015 жылдың үшінші тоқсанына дейін шегере тұру турасында шешім қабылдады. Естеріңізде болса, бұл шаруаны 2014 жылдың соңына дейін жүзеге асырмақ болған еді. Тунистің қаржы министрі Хакім Бен Хамұдтың мәлімдемесіне қарағанда алдымен оның құқықтық негізін жасап алу үшін ел билігі осындай қадамға баруына тура келген. Айта кетейік, Тунисте сукук туралы заң 2013 жылы қабылданған болатын.