Кәрілік құлшылыққа кедергі емес
Кәрілік құлшылыққа кедергі емес
4 жыл бұрын 1755

Қырым татары Сәлима Сейітөмір қызы таяуда 103 жасқа толды. Ол 5 жасынан бастап, ауыл молдасынан қасиетті Құранды оқуды бастайды. 12 жасқа толғанда қасиетті Құранды жатқа біліп, бес уақыт намаз оқиды. Оның тағдыры «тар жол, тайғақ кешуден» тұрады: Оралға жер аударылып, артынан депортацияланады. Ол қайда жүрсе де әкесі сыйға тартқан қасиетті Құран кітабынан жанын тастаған емес. Бүгінгі таңда оның Құранына 200 жылдан асқан. Өмірдің соқтықпалы, соқпақсыз жолымен осы күнге аман-есен жеткен ол кәрілік меңдесе де намазын қаза қылған емес. Тіпті, немерелерін де намазға жықты. Бұл жайында «qha.com» ақпарат көзі хабар таратты. «Исламнан ауытқымау керек. Асты «бисмиллясыз» ауызға алуға болмайды. Аллаға ұмтылып, кедейлерге, науқастарға қолұшын созу керек», - деп ағынан ақтарылар еді.

Ғасырдан аса жасаған кейуананың ұзақ ғұмыр сүруінің сыры осындай. 

0 пікір
Мұрағат