|
Камбоджадағы ну орманнан жоғалған қала табылды
|
Австралиялық археологтар қашықтықтан зондтаудың заманауи технологияларының көмегімен Камбоджада 1 200 жылдық қаланы тапты.
Сидней Университеті жанындағы археологиялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры Дамиан Эванс және бір топ ғалымдар Сием Рип облысы аумағында жұмыс істеп жатыр. Олар Камбоджаның шалғайдағы ну ормандарында лидар лазерлік технологиясын пайдалануға рұқсат алды.
«Бұл құралдың көмегімен бұрын білмеген қаланың суретін көрдік», - деді Эванс.
Ол Пном Кулен тауында салынған, кейін жоғалып кеткен ортағасырлық Махендрапарват қаласын іздеу кезінде табылды.
Лидар мәліметтерін пайдаланған археологтар тобы бұрын белгісіз болған бес ғибадатхананың қираған үйіндісін, алып Будда мүсінін, көне каналдар, жолдар, жүздеген дөңді тапты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Саудия жұмыс істеуге рұқсат беру ережесін өзгерте отырып, бизнес пен шетелдік жұмысшыларға жаңа визалық шектеулер енгізеді