Жұмыссыздықтан ең көп зардап шеккен буын анықталды
Жұмыссыздықтан ең көп зардап шеккен буын анықталды
4 жыл бұрын 1749 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) пандемия басталған кезден бері бір жарым жылдың қорытындысын шығарды. Нәтижесінде әлем бойынша жұқпалы індетке байланысты шектеу шараларынан жұмысынан айырылғандар арасында жасы 25-тен төмен жастар екені белгілі болды. Бұл жайында islam.kz порталы ХЕҰ-ның сайтында келтірілген мәліметтерге сілтеме асай отырып мәлім етеді. COVID-19 пандемиясының экономикалық салдарынан, дәлірегі, 15-24 жас аралығындағы жастар ең көп зардап шегіп отыр. ХЕҰ дерегіне қарағанда, өткен жылы бұл ас аралығындағылар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 8,7 пайызға жеткен, ал асы 25-тен жоғарылар арасында бұл көрсеткіш – 3,7 пайыздан аспаған. Экономистердің өлшемі бойынша жұмыссыз адамға екі қолға бір күрек таппай жұмыс іздеп жүрген, яғни, «экономикалық тұрғыдан белсенді» тұлғаны жатқызады. Ал еңбекке жарамды болса да жұмысын тастап, өз кәсібін ашқысы келетіндерді «экономикалық белсенділігі төмен» категориясына жатқызылады. Жұмыссыздық, әсіресе, табысы төмен кедей елдерде, атап айтқанда, Аргентина, Бразилия, Перу және Африка құрлығының оңтүстігін жайлаған елдерде белең алған. Әлем бойынша табысы орташа елдердегі ерлер арасындағы жұмыссыздық 23,7 пайызға, ал әйелдер арасында бұл көрсеткіш 29 пайызға жеткен. Дәулеті шалқыған елдерде жұмыссыздық зардабы көп біліне қоймаған – түрлі материалдық қолдаулардан бөлек салықтық, т.б. жеңілдіктер қарастырылғандықтан. Лестер университетінің экономикадан дәріс беретін Сара Лемостың айтуынша, адам неғқрлым ұзақ уақыт жұмыс таппаса, оның жұмысқа орналасу мүмкіндігі азая бермек, ол ол ма, жұмысқа орналасқан күннің өзінде сол орнында тұрақтап қалуы қиынға түспек. Мұның экономикалық емес, яғни, психологиялық себебі барын алға тартып отыр.

Қосымша мәлімет:

Еліміздегі бұл тараптағы жағдай қандай? Finprom.kz-тің хабарлауынша, Қазақстанда 2020 жылдың алғашқы жартыжылдығында жұмыссыздық деңгейі 4,8% болды. Алайда, мұның ресми мәлімет екенін естеріңізге сала кетеміз. Әлеуметтік желідегі сарапшылар мен экономистердің есебінше, еліміздегі жұмыссыздық деңгейі ресми мәліметте келтірілген көрсеткіштен әлдеқайда жоғары. Өйткені, еліміздегі шағын және орта бизнестің үштен бірі жабылған немесе банкрот болған.

0 пікір
Мұрағат