|
Жол-көлік апатына жол берген өлім жазасына кесілді
|
Саудия билігі жол-көлік апатына жол берген кінәліге кесілген өлім жазасын жүзеге асырды. Бұл жайында eremnews.com жергілікті жаңалықтар қызметі хабар таратты. Өлім жазасы желтоқсан айының 25-і күні ел астанасы - Ер-рияд қаласында жүзеге асырылған. Дәлірегі, жол-көлік апатына жол берген 45 жастағы Мұхаммед әл-Каһтанидің басы шабылды. Аталған ақпарат көзінің келтірген дерегіне қарағанда, 2013 жылы ішімдік ішкен ол сағатына 200 шақырым жылдамжықпен көлік айдап, өзінің джибімен өзге машинаға соғылған. Ол көлікті жеті адам отырған. Олардың бәрі бір отбасынан. Апаттан алты адам қаза тапқан, арасында бала да бар. Тек бір қыз ғана аман қалған болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді