|
Жерасты түрмесінен 1,5 мыңнан астам тұтқын босатылды
|
Ирак әскері Хит қаласында жерасты түрмесін тауып, одан 1,5 мыңнан астам адамды босатты. Олардың барлығын «Ирак пен Левант» лаңкестік тобы тұтқында ұстаған. Бұл туралы жергілікті билікке сілтеме жасаған шетелдік ақпарат құралдары хабарлайды. Азат етілген азаматтардың көпшілігігі бейбіт тұрғындар болып шықты. Қазір олар қауіпсіз орынға жеткізілді. Жалпы Хит қаласын содырлар жыл басында басып алған еді. Қазір мұнда Ирактың үкімет жасағы мен лаңкестер арасында қиын-кескі ұрыс жүріп жатыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді