Жер ядросының айналуы баяулағаны анықталды. Салдары қандай?
Жер ядросының айналуы баяулағаны анықталды. Салдары қандай?
2 жыл бұрын 2072 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жердің ішкі ядросының айналу жылдамдығы баяулаған немесе қытай ғалымдарының топшылауынша, айналу бағытын өзгерткен. Бұл құбылыс өз кезегінде тәулік ұзақтығын өзгерткен – жыл миллисекундқа кеміген. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Geoscience мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бейжің университетінің И Йан мен Сиадун Сон есімді ғалымдарының бұл тарапта жүргізген зерттеуі зілзаладан туындаған сейсмикалық толқындарды талдауға негізделген. Ғалымдар 1960 жылдардан бері қайталанатын жер сілкіністерінің нәтижесінде пайда болған сейсмикалық толқындардың траекториясын талдай келе 2009-2020 жылдар аралығында ішкі ядроның айналуы тоқтаған немесе бағыты өзгерген болуы мүмкін деп топшылап отыр. Бұл тараптағы зерттеу авторлары бақылау нәтижелері жердің магнит өрісіндегі және тәулік ұзақтығының өзгеруін бақылаумен сәйкес келетінін көрсететінін атап өтті. «Бұл - жер қабаттары арасындағы ең терең ішкі қабаттан жер бетіне дейін динамикалық өзара әрекеттесудің көрсеткіші», - деп айтылған ғылыми жұмыстың қысқаша мазмұнында. Жердің ішкі ядросы қатты, ол негізінен темір мен никелден тұрады және ол жердің қалған бөлігінен сұйық келетін сыртқы ядро ​​арқылы бөлінген, бұл ерекшелік оның планетаның басқа бөліктерінен басқаша айналуына мүмкіндік береді. Сыртқы ядро ​​өз кезегінде жер қыртысынан мантия арқылы бөлінеді. Сейсмикалық толқындардың жердің орталығынан өткенде сыну процесін зерттей отырып, ғалымдар оның құрылымы мен құрамы туралы, сондай-ақ, геосфераның түрлі қабаттарының бір-бірімен қалай әрекеттесетіні туралы қорытынды жасай алады. Дегенмен, ғалымдар жер ядросының айналу жылдамдығының баяулауы жердің магниттік өрісіне (жер ядросының айналуынан пайда болады) айтарлықтай әсер етпейтінін, сол себепті, адамзатқа бұл тарапта қауіптың жоқтығын алға тартып отыр. Жердің ішкі ядросының айналуы баяулауы мүмкін, алайда, толық тоқтамайды. Қытай ғалымдарыдының айтуынша, жердің ішкі ядросының айналу жылдамдығы жоғары болған осыдан он жыл бұрынғына қарағанда қазіргі уақытта планетаның өзге бөліктерімен біршама үйлесім тапқан.

0 пікір
Мұрағат