Жаһандық жылынуға байланысты ашық далада жұмыс істеу уақыты қысқарады
Жаһандық жылынуға байланысты ашық далада жұмыс істеу уақыты қысқарады
3 жыл бұрын 1423 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бұл тараптағы таяуда жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсетіп бергендей, ауа температурасы тағы екі градусқа көтерілер болса, төменгі ендіктегі елдерде ашық далада жұмыс істеу қауіпті сипат алады. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дюка университетінің ғалымдарының айтуынша, әлем бойынша жұмыс уақыты қысқарады. Осының кесірінен болатын, яғни, ауа температурасы осы күнгі ауа температурасымен салыстырғанда тағы екі градусқа көтерілсе, экономикалық шығын жылына 1,6 трлн долларды құрайды. Әсіресе, Азия мен Таяу Шығыс аймағы, Африка құрлығында, сондай-ақ, Тынық мұхитының батыс бөлігінде күндіз ашық далада жұмыс істеу мүмкін болмай кетеді. Соңғы жылдардың өзінде тропикалық климатта өмір сүретіндер күндіз жұмыс істемейтін болған. Мәселен, Саудия билігі ел тұрғындарына қыркүйек айының 15-не дейін дейін сағат 15:00-ден кейін күннің астында жұмыс істеуге тыйым салған болатын. Жоғалған ұмыс уақытының шамамен 30%-ын таңғы салқын кездің есебінен қалпына келтіруге болады. Алайда, мұндай өзгеріске бейімделудің өзі бірталай уақыт алады. Аптап ыстықтан және құрғақшылықтан онсыз да зардап шегіп келе жатқан ауыл шаруашылығына жұмыс уақытының қысқаруы да соққы болып тиеді. Аталмыш зерттеуге сәйкес тұрғындарының көбісі ашық далада жұмыс істейтін Үндістан, Қытай, Пәкістан, Бангладеш, Индонезия, Таиланд, Гамбия, Сенегал, Камбоджа, Біріккен Араб Әмірлігі, Бахрейн, Катар, Бруней-Даруссалам, Гана, Того, Бенин, Шри-Ланка және Науру.жаһандық жылынудың осындай факторынан көп шығынға ұшырайды.

Ұқсас материалдар: 

"Жаһандық жылыну: адам организмі қанша температураға дейін төзе алады?" (https://islam.kz/kk/news/alem/jahandyq-jylynu-adam-organizmi-qansha-temperaturaga-deiin-toze-alady-15572/#gsc.tab=0);

«Жаһандық жылыну миллиондаған адамның өмірін қияды» (https://islam.kz/kk/news/alem/jahandyq-jylynu-milliondagan-adamnyn-omirin-qiyady-15562/#gsc.tab=0);

«Суықтан емес, ыстықтан өлетіндер қарасы көбейіп келеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/suyqtan-emes-ystyqtan-oletinder-qarasy-kobeiip-keledi-15471/#gsc.tab=0);

«Нормадан тыс көміртек газының 4 тоннасы бір адамның ажалына себеп болып отыр – зерттеу» (https://islam.kz/kk/news/alem/normadan-tys-komirtek-gazynyn-4-tonnasy-bir-adamnyn-ajalyna-sebep-bolyp-otyr-zertteu-15561/#gsc.tab=0);

«Климат өзгерісі бір және көп жасушалы организмдер генін мутацияға ұшыратады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/klimat-ozgerisi-bir-jane-kop-jasushaly-organizmder-genin-mutatsiyaga-ushyratady-14774/#gsc.tab=0);

"Әлемдегі әр үшінші өлім-жітім жаһандық жылынумен байланысты" (https://islam.kz/kk/news/alem/alemdegi-ar-ushinshi-olim-jitim-jahandyq-jylynumen-bailanysty-15309/#gsc.tab=0);

«Жылына әлемдегі өлім-жітімнің 15%-ы тек бір себептен болады» (https://islam.kz/kk/news/alem/jylyna-alemdegi-olim-jitimnin-15-y-tek-bir-sebepten-bolady-12878/#gsc.tab=0);

«Таяу Шығыстағы бір ғана елде ауаның ластануынан жыл сайын 33 мың адам опат болады» (https://islam.kz/kk/news/alem/tayau-shygystagy-bir-gana-elde-auanyn-lastanuynan-jyl-saiyn-33-myn-adam-opat-bolady-12796/#gsc.tab=0);

«Соңғы 20 жылдағы табиғи апаттан опат болғандар саны белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/alem/songy-20-jyldagy-tabigi-apattan-opat-bolgandar-sany-belgili-boldy-10928/#gsc.tab=0)  

0 пікір
Мұрағат