|
Израилдің қорғаныс министрі неге шала бүлінді?
|
Еуропа елдерінің арасында Палестина тәуелсіздігін мойындап жатқан мемлекеттердің қатары көбейіп келеді. Осыған байланысты Израил билігінен маза қашты. Изриалдің қорғаныс министрі Моше Яалон жуырда жөйттердің бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында Палестинаны егеменді ел ретінде мойындамайтынын айтып, мәлімдеме жасады. Ол ол ма, құрлықтан әрі әуеден Палестинаны толық бақылауда ұстау керектігін алға тартты. Жақын арада Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдер Палестина мемлекетін құру туралы қарардың жобасы бойынша дауыс береді. Аталмыш құжатта 2016 жылға дейін 1967 жылы жаулап алынған Палестина жерін босатып беруі турасында талап қарастырылған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу шығыстағы шиеленістен көл-көсір пайда көрген ел аталды
■
Қазіргі дағдарыстың бұрынғы дағдарыстардан айырмашылығы немесе қаупі неде
■
Араб елі ағза донорлығы туралы декларацияны оңтайландыру үшін цифрлы платформа енгізеді
■
Үндістанда мемлекеттік шекараны қолтырауындармен және жыландармен қорғау туралы бастама көтерілді
■
Жапония қару-жарақ сауда-саттығының ережесін өзгертеді