Израильдегі мешітте дауыс зорайтқыш қолдануға тыйым салынбақ
Израильдегі мешітте дауыс зорайтқыш қолдануға тыйым салынбақ
8 жыл бұрын 3066 24.kz

Израильдік арабтар ереуілге шығуға уәде берді. Шиеленіске ғибадатханаларда дауыс зорайтқыш құрылғыларды қолдануға тыйым салатын заң жобасының қаралуы түрткі болып отыр. Бұл шектеу барлық дінге қатысты. Алайда дыбыс зорайтқышты тек мешіттер ғана қолданады. Сондықтан мұсылмандар мұны «арандатушылық» деп, егер жаңа ережені қабылдайтын болса, жаппай көтеріліске шығатындықтарын айтуда. Заң жобасының авторлары «мұнаралардан шығатын дауыстар қоршаған ортаға кедергі келтіруде, діни сенім бостандығы ешкімнің өміріне кедергі жасамауы тиіс», - дейді. Ұзақ пікірталастан соң жаңа құжат кейін қарастырылатын болып шешілді. Ал кейбір депутаттар бұл мәселені келіссөздер арқылы немесе жаңа технологиялар қолдану арқылы реттеуді ұсынды.

Ксения Светлова, Израиль кнессетінің депутаты: - Менің ойымша, заңдық тұрғыда іс-әрекет жасауымыз керек. Аралас қалаларға келер болсақ, қауымдар басшыларымен кездесіп, дыбыс өлшемін төмендетуге келісу қажет. Дыбыс зорайтқыштар жұмыс істейді, бірақ дауысын бәсеңдету жолын қарастырамыз. Бұның Еуропа елдері қолданатын тағы бір жолы бар. Дұға оқитын немесе намазға жығылатындарды мінәжат етуге телефондарына орнатылған аппликациялар арқылы шақыру.

0 пікір
Мұрағат