|
Израил түрмесінде қазіргі уақытта қанша палестиналық бала жатыр?
|
Палестиналық тұтқындар қауымдастығы қазіргі уақытта Израил түрмесінде кәмелет жасына толмаған 300 палестиналық бала жатқанын мәлімдеді. Израил абақтысына қамалған палестиналық балалардың 10-ы қыз балалар. Бұған қоса, 100 палестиналық бала үйқамағына алынған. Осы жылдың бас кезінен бері Израил қауіпсіздік күштері 1150 баланы ұстаған. Израилдің арнайы жасағының түн жамылып кеп, палестиналық балалардың үйықтап жатқан жерінен тұтқындап әкететіні жиіледі. Оларды бірнеше күн ас-сусыз аш ұстап, оңаша қамап, ойдан шығарылған қылмыстарды мойнына алуға мәжбүрлеуде. Аталған қауымдастық жетекшісі Кадура Фарес 2000 жылдан осы уақытқа дейін Израилдің қауіпсіздік күштері жасы 12-18 аралығындағы 7 мыңдай палестиналық баланы тұтқындағанын мәлімдеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Азиялық жігіттің ерлігі: АІ-ге өз қатесін табуға көмектесетін жүйе ойлап тапты
■
Биылғы қажылықта робот 69 тілде қызмет көрсетеді (видео)
■
Үйінде жалғыз жатып өлетіндер қарасы жылдан жылға көбейіп келеді
■
Қытай Азиямен арадағы сауда үшін ұзындығы 134 шақырымдық жаңа «су каналын” қазып жатыр (видео)
■
АІ үлгілері адамның көмегінсіз көбейуді үйренді. Бұл процесті енді тоқтату қиын