Исламға қарсы жарнама шықты
Исламға қарсы жарнама шықты
10 жыл бұрын 5224

Осыдан екі күн бұрын ислам дініне қарсы оғаш қылықтарымен аты шыққан Памела Геллер есімді әйелдің «Американың исламдануын тоқтатайық» деген брендін тіркетпек болған әрекетінен нәтиже шықпағанын хабарлаған едік. Бұл әрекеті сәтсіздікке ұшыраса да бұдан сабақ алмаған әйел осы жолы исламға қарсы жарнамаға демеушілік жасап, тағы көзге түсті. Нақтырақ айтқанда, Американың бірқатар қаласында қоғамдық көліктерге исламды қаралауға бағытталған ұрандар жазылған лозунгілер пайда болды. Осыған байланысты алдыңғы қатарлы америкалық мұсылман ұйымдары барымтаға қарымта қайтаруды жөн көріп, былайғы жұрттың жарнамадағы жалаға толы  жалған сөздерге алданбасы үшін қасиетті Құранның бірнеше данасын тегін таратты. Америка-Ислам қатынасы жөніндегі кеңестің атқарушы директоры Нихад Авад: «Құранды оқыған әр адам одан иудейлер мен христиандарды бір құдайға сиынуға шақырған. Иман келтіргендерді жарастықты әрі бейбіт өмір сүруге үндеген»,- деп мәлімдеді.

3 пікір
Мұрағат