Сауд Арабиясы Нидерландыға қарсы санкция салуы мүмкін
Сауд Арабиясы Нидерландыға қарсы санкция салуы мүмкін
10 жыл бұрын 3641 Герта Вилдерс

Сауд Арабиясы голландық ультроңшыл саясаткер Герта Вильдерстің исламға қарсы шектен шыққан әрекеттері үшін Нидерландыға қарсы экономикалық санкция салуы мүмкін. Бұл жайында Нидерландының Сыртқы істер министрлігінің сенбі күні жарық көрген мәлімдемесінде айтылған.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың қараша айында Герт Вильдерс саудиялықтардың байрағына ұқсас тудың шағын көшірмесін шығарған болатын. Онда каллиграфиялық өрнекпен арабша: «Ислам – жалған, Мұхаммед – қылмыскер, Құран – у»,- деп жазылған еді.

Осыған байланысты Нидерланды билігі Герта Вильдерстің әрекетіне жауап бермейтінін, өйткені, оның ұстанған бағытының Нидерланды саясатымен үйлеспейтінін де мәлімдеген болатын.

Саудиялықтардың Arab News газетінің сайтында нидерландылық бизнес өкілдерінің бұдан былай саудиялықтардың жобасына қатыстырылмайтыны жөнінде ақпарат пайда болған еді. Сонымен қатар, бұл ақпаратта нидерландылық кәсіпкерлерге берілетін квотаның қысқартылатыны да айтылған.

Бұрын Нидерланды билігінің Герта Вильдерсті қасиетті Құранды Адольф Гитлердің «Майн Камфімен», ал исламды фашизммен салыстырғаны үшін 2011 жылы ұлт араздығын қоздырды» деген айыппен жауапқа тартпақ болған әрекеті де сәтсіздікке ұшыраған еді. Өйткені, сот оның бұл әрекетін нақты бір ұлтқа қарсы емес, дінге бағытталғанын айтып, ақтап алған болатын.

0 пікір
Мұрағат