|
Иран мұсылмандары кіші қажылығын өтей алмайтын болды
|
Биыл ирандық мұсылмандар ұмраға бару мүмкіндігін айырылды. Бұл жайында аталған елдің Қажылық және ұмра департаментінің жетекшісі Хадид Мохаммади мәлім етті. Оның айтуынша, бұған Сауд Арабиясымен арадағы саяси текетірес себеп болмақ. Нақтырақ айтқанда, екі ел арасында тиісті келісім жасалмаған. "Иран мұсылмандары қажылығын өтеу үшін қосымша келісімді жандандыру керек",- деп мәлімдеді ол. Сөз орайы келгенде айта кету керек, аталған екі ел арасындағы дипломатиялық қатынас шиеленісіп кетті. Аймақтағы ахуалға, дәлірегі, аймақтағы ықпалын арттыру жолындағы саяси текетіреске байланысты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Жасанды зерде адамзаттың түбіне қалай жетуі мүмкін – зерттеу
■
Адамды аман қалдырмайтын, миды кеміретін құрттың бір құпиясы ашылды (видео)
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр