Иран Израилге қатысты стратегиясын өзгертуге мәжбүр
Иран Израилге қатысты стратегиясын өзгертуге мәжбүр
2 сағат бұрын 38 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Иран қазіргі уақытта саяси әрі экономикалық дағдарысты бастан кешіріп жатыр. Осыған байланысты Израилмен текетіресудің әдісін өзгертуге мәжбүр. Бұл жайыныда islam.kz порталы maariv.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өздеріңіз білетіндей, Таяу Шығыстағы аталған екі елдің бір-біріне алма-кезек соққы беруіне байланысты Иран кезекті шабуылын қазан айының аяғына таман жоспарлаған болатын. Алайда, әлемдегі соңғы жағдаяттарға байланысты бұл тараптағы ұстанымын өзгертті. Дәлірегі, сыртқы факторларға байланысты ұстамдылық танытуына тура келген. Израилді қолдайтын АҚШ-тағы ең ірі саяси науқанда 2015 жылғы ядролық бағдарламасына байланысты батыс елдерімен арадағы келісімді мойындамайтын Дональд Трамптың президент болып қайта сайлануы және елдегі экономикалық қиындық Иранның арынын басып тастады десе де болады. Дональд Трамптың билікке келуі Иранды саясатын өзгертуге, дәлірегі, сақ қимылдауға итермелеп отыр. Бұл ақпаратты New York Times мерзімді басылымының дерегіне сенсек, Иранның жоғары лауазымды тұлғалары, соның ішінде аталған елдің негізгі күші – Ислам революциясының сақшылар корпусының (Иранның саяси әрі әскери элиткалық құрылымы – ред.) ресми өкілі де бар арасында, растап отыр. Қараша айының орта шенінде Иран билігі шиеленісті жұмсарту бойынша шаралар қабылдады, соның ішінде «Хезболланы» (Иран үлгісі бойынша ислам мемлекетін құруды мұрат еткен Либандағы шиғалық содырлар ұйымы мен саяси партия – Уикипедия электронды энциклопедиядан) Израилмен атысуды тоқтату туралы келісімге көндіру үшін Бейрутке делегация аттандырды. Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арағшы бітімді қолдайтынын мәлімдеді. Бұған қоса, Иранның саяси әрі әскери жобасы саналатын Хизбалла имен Израил арасындағы қақтығыстан Либанның бейбіт тұрғындары зардап шегіп, инфрақұрылымына айтарлықтай зақым келуде. Бұл жайт та Иранның имиджіне нұқсан келтіріп, өзіне наразы топтардың қатарын көбейтуі мүмкін. Бұдан бөлек, Иран билігі дипломатиялық байланысты жандыруға күш салып келеді. Соның жарқын мысалы ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Иран елшісі Әмір Сайыт Ирбанның АҚШ президентіне ең жақын адам ретінде танылған Илон Маскпен кездесті. Иран билігінің бұл қадамы консервативті ортаның қатаң сынына ұшырағандықтан Иранның СІМ өкілі бұл кездесуді ресмии түрде теріске шығарды. Бұған қоса, Либандағы ахуал да Иран стратегиясының өзгертуіне ықпал еткен факторлардың бірі болды. Израилмен қақтығысқан Хизбала ұйымының адами және материалдық шығынға көп ұшырауы, елдегі экономикалық дағдарыс Иран билігінің одақтасына қатысты позициясын қайта қарауға итермелеп отыр. Иранның СІМ жетекшісі Аббас Арағшы ел уранды 60%-дан жоғары байытуды көздемейтінін, алайда, жаңа санкциялар енгізілген жағдайда Теһран өз ұстанымын қайта қарауы мүмкін екенін ескертті.

0 пікір
Мұрағат