|
Иракта футбол стадионында көмілген адам сүйектері табылды (видео)
|
Ирактың Эр-Рамади қаласында футбол стадионы аумағында шамамен 40 адам жерленген бірнеше жасырын қорым табылды. Марқұмдардың арасында әйелдер мен балалар бар. Олардың барлығы «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» мүшелерінің қолынан қаза тапқан. Бұл орынды қамауға алынған содырлардың өздері көрсетіпті. Негізі лаңкестер Эр-Рамади қаласын өткен жылдың мамырында басып алған болатын. 7 айдан кейін шаһар экстремистерден азат етілді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Адамды жасырын бақылайтын желі аталды
■
Иран жыл басынан бері кем дегенде 900 адамды өлім жазасын кесіп, рекорд орнатты
■
Үндістанда сиыр зәрін қолдан жасайтын алаяқтармен күрес күшейтілді
■
Жұмыссыздарға енді бос жұмыс орындары туралы ақпарат келіп отыратын болады
■
Алматыда алғаш рет сауда орталығында кітап беру пункті ашылды