Имам-рокердің концерт қоюына тыйым салынды
Имам-рокердің концерт қоюына тыйым салынды
8 жыл бұрын 3267

Түркияның діни құзырлы қызметі түріктердің «Firock» рок-тобында ән шырқайтын имам Ахмет Мұһсин Түзердің Португалияда концерт қоюына тыйым салды. Әнші имам Португалияның Порту қаласындағы осы заманғы өнер музейінде  "Chora(S)an Time–Court Mirage» тобымен бірге концерт қоюға шақырылған болатын. Аталған топқа 2014 жылы тура жолға түсіп, исламды қабылдаған «Катерина Кристер Хенникс» есімді шведтік музыкант жетекшілік етеді. Десе де Түркияның дін істері жөніндегі басқармасы имам әншінің Еуропа елінде концерт қоюына тыйым салған еді. Бұл жайында «IslamNews» порталы «Al Jazeera» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. «Біз орындамақ болған әнде исламға қайшы келетін ешнәрсе жоғын Аллаһ біледі. Мен өз елімді және дінімді исламофобия белең алған батыс әлемінде осы заманға сай танытуға талпынып едім», - деп мәлімдеді аталмыш басқарманың шешіміне наразылық білдіріп. Анталиядағы мешіт қызметкерінің айтуынша, бастапқыда мәдениет министрлігі бұл бастамаға оң көзімен қарап, тіпті, қаржылай қолдау білдірмек те болған.

0 пікір
Мұрағат