Имам жоғалды
Имам жоғалды
8 жыл бұрын 3043

Татарстан астанасындағы «Нурулла» мешітінің имамы Сүлеймен Зарипов Мордовиядан үйіне қайтып бара жатқан жолда жоғалған. Бұл жайында қоғам қайраткері Расул Тавдиряков өзінің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жоғалған имамның қызы Нүрияға сілтеме жасай отырып хабарлады. Нүрия Расул Тавдиряковке әкесінің жоғалғанын қалта телефонының «WhatsApp» қосымшасы арқылы хабарлаған. Нақтырақ айтқанда, алты баланың әкесі, 57 жастағы имам «Toyota Corolla» автокөілігімен ақпан айының 7-сі күні, сағат таңертеңгі 10-дар шамасында Мордовиядан Қазан қаласына бет алған болатын. Оны соңғы рет танитындар Татарстан астанасынан 140 шақырым қашық орналасқан Буинск қаласында көрген. Нүрияның айтуынша, әкесі әдетте кешкі сағат жетіден кешікпей келетін. «Әлі хабар жоқ. Жолдастарымен кеткен. Буинскі мен Қазан қалалары арасында жоғалды. Телефоны өшірулі», - деп айтылған хабарламада. Ал имам мінген автокөлік Буинскідегі «Альбина» дүкенінің жанынан, яғни, Уахитов атындағы көшеден табылған. Автокөлікке ешкім тимеген. Айта кетейік, Сүлеймен Зарипов – Татарстандағы есімі елге белгілі имам, ал ол қызмет ететін «Нурилла» мешіті уағыз орысша айтылатын елдегі санаулы ғибадат үйлерінің бірі.

0 пікір
Мұрағат