Химиялық заттың озон қабатына бөлінуіне салынған тыйым бір елдің өзінде 443 млн адамды қатерлі ісіктен сақтап қалды
Химиялық заттың озон қабатына бөлінуіне салынған тыйым бір елдің өзінде 443 млн адамды қатерлі ісіктен сақтап қалды
3 жыл бұрын 1840 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар (NCAR – Ұлттық атмосфераны зерттеу орталығы) озон қабатына бөлінетін химиялық затқа қатысты тыйымның салдарын зерттеп көрген екен. Бұл жайында islam.kz порталы pubs.acs.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл тарапта компьютерлік моделдеу көмегімен АҚШ тұрғындарының көзі мен терісінің жағдайын сараптаған болатын – Монреал хаттамасының қабылданбай, осы уақытқа дейін озон қабатына хлорфторкөміртегінің бөлінуін шартты түрде «елестете отырып», зерттеу жүргізген екен. Нәтижесінде Монреал хаттамасы бойынша келісім осы ғасырдың аяғына дейін 443 млн адамды тері обырынан әрі 63 млн адамды катарактіден сақтап қалатыны белгілі болды. Бұдан бөлек, тері обырынан болатын өлім-жітімді 2,3 млнға азайтқаны да анықталды. Монреал хаттамасына Бірірккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер 1987 ылы қол қойған болатын. 1980-ші жылдардың соңында саясаткерлер ғалымдардың дабылына құлақ асып, озон қабатын тесетін химиялық заттың өндірісіне тыйым салған еді. Озон қабаты планетаның қалқаны секілді – ол ультркүлгін сәуледен қорғайды. Ультракүлгін сәуле тері обырына ұрындырып, көз ауруын тудырады, иммунитетті әлсіретеді.

0 пікір
Мұрағат