|
Хиджабқа қатысты ойын айтқан имам тікелей эфирде оңбай таяқ жеді (видео)
|
Австралиялық имам Мұстафа Рашид Мысыр телеарналарының бірінің студиясында тікелей эфир кезінде соққыға жығылды, деп хабарлайды Baq.kz.
Рашид мұсылмандардың хиджаб киюі туралы тақырыпта заңгер Набих әл-Вахшпен пікір таластырған болатын. Имам «хиджаб кию діни міндеттен гөрі дәстүрге көбірек жақын» екенін мәлімдегені сол еді, қарсыласы ашуланып шыға келді. Олар алдымен бірін-бірі балағаттайды, содан кейін әл-Вахш бәтеңкесін шешіп алып, имамды бірнеше рет ұрған.
Лента.ру порталының мәліметінше, төбелесқұмарларды телеарна қызметкерлері ажыратып алды, алайда бағдарламаны тоқтатуға тура келеді. Таяқ жеген имам студиядан кетіп қалды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді