Hауқастардың соңғы арманын орындайтын жедел жәрдем қызметі ашылды (видeо)
Hауқастардың соңғы арманын орындайтын жедел жәрдем қызметі ашылды (видeо)
8 жыл бұрын 3154 24.kz

Израилде бірегей жедел жәрдем қызметі жұмыс істейді. Ол хал үстінде жатқан адамдардың соңғы тілегін орындайды. Мәселен, соңғы 8 жылда бірнеше мыңдаған азаматқа көмек көрсетіпті. «Амбуланс мишалот» сөзі «армандар күймесі» дегенді білдіреді. Бұл бірегей жедел жәрдем көлігін жасау үшін білікті инженерлер мен дәрігерлер аянбай еңбек еткен. Барлығы егжей-тегжейлі ойластырылған. Юнат Дастал осында 1 жарым жылдан бері мейірбике болып қызмет етіп келеді. Айтуынша, соңғы тілегі орындалған адамның бақытты жүзін көру – ерекше қуаныш. Юнат Дасталь, мейірбике: - Бір жағынан қиындығы көп болғанымен, хал үстінде жатқан адамның күлкісін көру – шексіз бақыт. Уақыттың босқа кетпегеніне көзің жетеді. Осыдан екі апта бұрын бір ер адам Нетаньяхумен кездесуді сұрады. Біз бұл тілекті де орындадық. Белгіленген мақсатқа жету үшін көліктің техникалық жабдықталуына баса назар аударылған. Мұнда науқасқа арналған жайлы төсек пен заманауи медициналық құрал-жабдықтар да орнатылған. Дәрігерлер кезкелген сәтте қиналған жанға қол ұшын беруге дайын тұрады. Заки Гелер, жедел жәрдем қызметінің баспасөз қызметкері: - Кейбір адамдар футбол ойынына апаруды сұрайды. Көбісі туған жеріне, жақындарына оралғысы келеді. Қасиетті жерлерге ат басын бұруды армандайтындар да бар. Тілегі орындалған адамдар көп ұзамай дүниеден өтіп жатады. Десе де, демі таусылып, дүниеден озғалы тұрғандардың соңғы тілегін орындаудың өз қиындықтары бар. Ең алдымен барлық өтініштер арнайы бюро қызметіне жолданады. Содан кейін білікті мамандар тобы науқастың дертін ескере отырып, арманды орындаудың ыңғайлы жолдарын қарастырады. Юнат Дасталь, мейірбике: - Хал үстінде жатқан адамның тілегін орындау өте қиын. Бірнеше топ жұмыс істеуі керек. Біз ең алдымен науқасты белгіленген орынға жеткізуіміз қажет. Соңғы 8 жыл ішінде жедел жәрдем қызметі бірнеше мыңдаған адамның тілегін орындаған. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай көмекке жүгінушілер қатары жыл сайын артып келеді екен.

0 пікір
Мұрағат