Халықтың қартаюы бойынша бірінші орында тұрған елде қарттар қарасы рекордтық көрсеткішке жетті
|
Жапониядағы қарт тұрғындар үлесі 2021 жылдың қыркүйек айында ел тұрғындарының жалпы санына шаққанда 29,1 пайызға жетті. Бұл көрсеткіш ел тарихында рекордтық деңгей. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде ұлттық биліктің келтірген дерегіне жөн сілтеген Mainichi ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен жылы (2020 ж.) күншығыс еліндегі қарттар қарасы еңбекке жарамды тұрғындар санына шаққанда 13,6 пайызды құраған болатын. Осы орайда әлем бойынша қартаю процесі геометриялық прогреспен жүріп жатқан, яғни, халықтың қартаюы бойынша Жапония көш басынан көрінгенін айта кетпекпіз. Самурайлар елінде жасы 65-тен асқандар қар адам саналады. Олардың қарасы қыркүйек айында 36,4 млн адамға жеткен еді. Бұл көрсеткіш өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 220 мың адамға артқан. Бұл мәліметтерді күншығыс елінің ішкі істер министрлігі келтіріп отыр. Ал әлем бойынша халықтардың қартаюына қатысты антирейтингте екінші орында, яғни, Жапониядан кейінгі орынға Италия жайғасқан – ел тұрғындарының санына шаққанда 23,6 пайызды, ал үшінші орыннан табылған Португалияда бұл көрсеткіш 23,1 пайызға жеткен. Сакура елінде 15,83 млн ер адам, 20,57 млн әйел адам өмір сүріп жатыр – жасы 65-тен асқан. 2020 дылы жасы 65-тен асқан қарттардың 9,06 млн-ы жұмыс істеген, оның 5,39 млн-ы ерлер. Жасы 80-нен асқан қарттар қарасы 12,06 млн адамды құраған, бұл көрсаеткіш өткен ылғы көрсеткішке қарағанда 460 мың адамға артқан. Ал жасы 90-нан асқан қарттар қарасы 25,9 млн адамға жеткен, оның 80 мыңы жасы 100-ден асқандар құрайды. Халық және әлеуметтік қамсыздандыру өніндегі ұлттық зерттеу институтының болжамы бойынша 2040 жылға қарай қарттар қарасы ел тұрғындарының 35,3пайызын құрайтын болады, 2025 жылы бұл көрсеткіш 30 пайызға жетпек. 2020 жылдың қорытындысы бойынша қарттарды жұмыспен қамту көрсеткіші ағынан Жапония екінші орыннан көрінген – жасы 65-тен асқандардың 25,1 пайызыжұмыс істеген. Ал қарттарды жұмыспен қамту бойынша әлемде Оңтүстік Корея кқш бастап тұр – ел тұрғындарының санына шаққанда 34,1 пайызды құраған.
Ұқсас материалдар:
«Бір ғана елде жасы 100-ден асқан қарттар қарасы 86 мыңнан асып кетті» (https://islam.kz/kk/news/alem/bir-gana-elde-jasy-100-den-asqan-qarttar-qarasy-86-mynnan-asyp-ketti-15755/#gsc.tab=0);
«Қартайған халықтың бас қайғысы» (https://islam.kz/kk/news/alem/qartaigan-halyqtyn-bas-qaigysy-11490/#gsc.tab=0);
«Күншығыс елі бір жыл шамасында соғыссыз, табиғи апатсыз, аштықсыз жарты млн-ға тарта адамынан айырылып қалды. Бір ғана себептен...» (https://islam.kz/kk/news/alem/kunshygys-eli-bir-jyl-shamasynda-sogyssyz-tabigi-apatsyz-ashtyqsyz-jarty-mln-ga-tarta-adamynan-aiyrylyp-qaldy-bir-gana-sebepten-12088/#gsc.tab=0);
«Биыл саны ең көп кеміген қай халық» (https://islam.kz/kk/news/alem/biyl-sany-en-kop-kemigen-qai-halyq-11244/#gsc.tab=0);
«80 жасқа дейін жұмыс істеуге рұқсат берілмек» (https://islam.kz/kk/news/alem/80-jasqa-deiin-jumys-isteuge-ruqsat-berilmek-13912/#gsc.tab=0);
«Қартаю процесі қарқын алған елдегі жасы 100-ден асқан қариялардың қарасы қаншаға жетті» (https://islam.kz/kk/news/alem/qartayu-protsesi-qarqyn-algan-eldegi-jasy-100-den-asqan-qariyalardyn-qarasy-qanshaga-jetti-12384/#gsc.tab=0);