Facebook Үндістандағы мұсылмандарға қарсы құрал ретінде пайдаланылуда
Facebook Үндістандағы мұсылмандарға қарсы құрал ретінде пайдаланылуда
3 жыл бұрын 1928 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Facebook америкалық корпорация сервисі бүгінде Үндістандағы діни алауыздық пен араздықтың құралына айналған. Бұл жайында islam.kz порталы The Wall Street Journal ақпарат құралына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2019 жылдың соңы мен 2020 жылдың бас кезінде аталмыш әлеуметтік желідегі діни алауыздықты тудыратын пен діни араздықты қоздыратын жарияланымдар саны үш есеге артып кеткен. Мұсылмандарға қарсы зорлық-зомбылыққа шақырған жазбалар аталған корпорацияға тиесілі WhasApp мессенджерінде де кеңінен тараған болып шықты. Сарапшылардың айтуынша, мұндай арандатушы жазбалардың кесірінен 53 адам көз жұмып, 300 адам ауыр жарақат алған. Үнді радикалдары аталған әлемжеліде мұсылмандарды жануарларға теңеп, ар-намысына тиіп жатады әрі жұқпалы індеттің жайылуына мұсылмандарды айыпты етіп шығарған. Компания есебінде келтірілген деректерге қарағанда, мұсылмандарға қарсы арандату жазбаларын екі үнді ұлтшыл тобы ттаратады. Мамандар үнді жеріндегі мұсылмандарға қарсы әлемжелі бетіндегі майданның өршуіне компания өкілдерінің хинди және бенгалия тілдерін білмеуміне байланыстырып отыр. Осы орайда Facebook-тығ бұрынғы менеджері Френсис Хаугеннің (Frances Haugen) аталған әлемжелінің зорлық-зомбылыққа шақыратын контенттердің таралуына мүдделілік танытатыны жөніндегі күмәнін келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз. Френсис Хаугеннің аталған әлемжеліге неліктен мұндай ауыр айып тағып отырғанын (ішкі реніші немесе бас араздығы болуы мүмкін), алайда, оның сөзін тағы өтірік деп теріске шығара алмайсыз: аталмыш әлемжелінің зорлық-зомбылыққа шақырған жазбаларға неліктен тыйым салмайды? Зорлық-зомбылық тақырыбы ашу мен өзге де күшті эмоция тудыратындықтан адам сайтта көп уақыт отырады. Бұл  әлемжеліге пайданың көбірек түсуіне себеп болады.

Қарай отырыңыз:

«Әлеуметтік желіні жасаушылардың басты қателігі айтылды" (https://islam.kz/kk/news/alem/aleumettik-jelini-jasaushylardyn-basty-qateligi-aityldy-15923/#gsc.tab=0); 

0 пікір
Мұрағат