Еуробанк: 500 еуролық ақшадан келетін кесел көп
Еуробанк: 500 еуролық ақшадан келетін кесел көп
8 жыл бұрын 2846 24.kz Г.Абилова espanarusa.com

Еуроодақ Орталық банкінің (ЕCB) президенті Марио Драги мәлімдеме жасады. Драгидің айтуынша, құны 500 еуролық банкноталар жуық арада айналымнан алынып тасталады. Себебі бұл ақшаны қылмыстық топтар мен ТГИЛ террористері және олардың сыбайластары өте жиі қолданады екен. Соның кесірінен электронды жолмен аударылған ақшаны қадағалау мүмкін емес. Сондай-ақ 500 еуролық банкноталарды кәдімгі жолдорбаға салып тасу оңай екен. Оған 6 миллионға жуық еуро еш қиналмастан сыйып кетеді. Бірақ, осы дәлелдердің барлығы Еуроодақтағы кейбір елдердің банк басшылары үшін жеткіліксіз сияқты. Себебі Германия Орталық банкінің басшысы бұл бастамаға қосылғысы жоқ. Жалпы Еуробанктің бұл шешімі іске асуы үшін оны Атқару кеңесінің алты мүшесі мен еуроаймақтағы 19 елдің банк басшысы келісімдерін беруі тиіс. Келісілген күннің өзінде бұл шара техникалық тұрғыдан қиын өтуі мүмкін.  Қазір жалпы құны 300 миллиард еуро болатын алты жүз он төрт миллион 500 еуролық ақша айналымда жүр. Олардың 25%-ы Еуроодақтан тыс жерде қолданылуда, деп хабарлайды espanarusa.com.

 


0 пікір
Мұрағат