ЕО аумағындағы барлық ғимарат 8 жылда толық күн панелімен жабдықталады
ЕО аумағындағы барлық ғимарат 8 жылда толық күн панелімен жабдықталады
3 жыл бұрын 1883 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Еуропалық одақ құрамындағы елдер барлық ғимаратты күн панелімен жабдықтаудыжоспарлап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы zmescience.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Күн шатыры» деген атауға ие болған бұл бастама бойынша ЕО аумағындағы үйлердің 50%-дан көбі 8 жылдан соң аталған жаңғыртпалы энергия көзінен өндірілетін энергиямен қамтамасыз етілуі тиіс. Еуропалық комиссия жоспарына сәйкес 2030  жылға қарай ЕО-дағы энергияның жартысы жаңғыртпалы энергия көзінен өндіріледі. Бұл көрсеткіш бүгінгі энергия мөлшерінен екі есе көп. Осы жоспардың бір бөлігі ретінде ЕО жылу сорғысын қабылдау қарқынын екі есе арттырудан бастап жаңартылатын энергия үшін «басымдық берілетін» аймақтарды құруға дейінгі бірнеше шараларды қабылдады. Осы шаралардың ішінде Еуропалық комиссия 2029 жылдан бастап жаңа қоғамдық және коммерциялық ғимараттарға, сондай-ақ, жаңа тұрғын үйлерге күн батареяларын орнатуды міндетті ететін «күн шатырлары» бастамасын да алға тартты. REPowerEU жоспарына сәйкес ЕО 2025 жылға қарай 320 ГВт-тан астам күн фотоэлектр қуатын және 2030 жылға қарай шамамен 600 ГВт өндіруді мақсат етіп отыр. 2020 жылы күн энергиясы ЕО-дағы жалпы электр энергиясының шамамен 5%-ын құрады. 2030 жылға дейінгі мақсатқа жету үшін ЕО жылына орта есеппен 45 ГВт орнатуы керек. Осы мақсатқа жету үшін ЕО «күн шатыры бастамасына» көп үміт артып отыр. Кейбір алдын ала бағалау мен болжам бойынша шатырдағы фотоэлектрлік қондырғылар ЕО-дағы электр энергиясының 25% дерлік тұтынуын қамтамасыз ете алады. Бұл қондырғыларды жылдам орналастыруға болады және тұтынушылардың электр энергиясы үшін көп шығынданбауына көмектеседі. Осы мақсатта ЕО өз-өзін ақтайтын мерзімі 10 жылдан аспайтын энергияны сақтау және жылу сорғыларымен үйлестіре отырып, шатыр жүйелеріне қолдау көрсетудің негізін қалайды. Жоспар бойынша алғашқы жылынан кейін 19 ТВт/сағ электр энергиясы, 2025 жылға қарай 58 ТВт/сағ электр энергиясы өндірілуі ықтимал. Еуропалық комиссия, сонымен қатар, энергия тиімділігін 9%-дан 13%-ға дейін арттыруды көздеп, 2030 жылға қарай энергияны тұтыну деңгейін төмендетуді алдына мақсат етіп қойып отыр. Сондай-ақ, ЕО құрамындағы елдерді энергияны үнемдейтін жылу жүйелері мен ғимараттардың жылу оқшаулауына салықты төмендету сияқты энергия тиімділігін арттыру саясатын жүзеге асыруға шақырады.

0 пікір
Мұрағат