Елу жылдан соң халқының жартысын қарттар құрайтын ел (әлем елдерінің демографиялық шолуы)
Елу жылдан соң халқының жартысын қарттар құрайтын ел (әлем елдерінің демографиялық шолуы)
5 жыл бұрын 4152 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2067 жылға қарай қартаю процесінен Оңтүстік Корея тұрғындарының жартысына жуығын жасы 65-тен асқан қарттар құрайтын болады — 46,5%.. 2045 жылы бұл көрсеткіш жалпы халық санына шаққанда 37%-ға жетеді. Бұл жайында Maeil Business Newspaper ақпарат көзі кәрістердің статистикалық қызметіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Алдын ала алынған мәліметке қарағанда, Оңтүстік Кореяның 15-64 жас аралығындағы тұрғындарының қарасы 73,4%-ға кемиді. Осы жылдың соңына дейін. Ал бұл көрсеткіш 2067 жылы 45,4% болмақ. Әлемде аталған жылы жасы 15-64 аралығындағылар саны 65,3%-ға азаймақ. Таңғы шық ел тұрғындарының орташа жасы 43,7 жасқа, ал 2065 жылы 62,2 жасқа ұлғаяды. Болжам бойынша 2067 жылға қарай әлемнің 146 елінде халық саны көбейіп, оның ішінде қарттар үлесі 18,6%-ға артады, биыл әлемдегі қарттар қарасы 9,1%-ға көбеймек. Бұдан бөлек, аталған елде (Оңтүстік Кореяда) туу көрсеткіші әлемде ең төменгі деңгейге жеткен. Кәрістердің Yonhap News ақпарат көзінің елдің статистикалық қызметіне сілтеме жасай отырып келтірген дерегіне қарағанда, 2015 — 2018 жылдар аралығында туу көрсеткішінің жалпы жиынтық коэффициенті 1,11-ді құраған екен. Өткен жылдан бастап, бұл көрсеткіш бала көтеруге қабілетті әйелдер санына шаққанда, яғни, бір әйелге 0,98-ге түсіп кеткен. Сөз орайы келгенде айта кетсек, ең төменгі туудың жиынтық коэффициенті  Тайванда (бір әйелге шаққанда – 1,15 баладан), Макаода (1,2 баладан), Сингапурде (1,21 баладан), Пуэрто-Рикода (1,22 баладан), Молдавияда (1,26 баладан) тіркелген. Кәрістердің бұдан өзге де қайғысы бір басынан асып жатыр: 2028 жылдан бастап, кәріс халқы кеми бастайды. Солтүстік Кореяда халықтың кему процесі 2038 жылдан соң басталады. Ал 2027 жылға қарай Үндістан халқының саны жағынан Қытайды артқа тастап, әлемдегі ең халқы көп ел атанады. 2028 жылға дейін Оңтүстік корея халқының саны 230 мың адамға артып, жалпы есепте 52 млн адамға жетеді. Алайда, 2067 жылдан соң оңтүстік коерялықтар саны 39 млн адамды құрайтын болады. Ал Солтүстік Корея халқының саны 2067 жылға қарай 26 млн адамды құрайды. Биыл қос мемлекеттің (Оңтүстік орея мен Солтүстік Корея) халқының жалпы жиынтық саны 77 млн адамды құрап отыр. Бұл көрсеткіш 2067 жылы 65 млн адамнан аспайтын болады. Бүгінгі таңда Оңтүстік Корея халқының саны жағынан әлем елдерінің арасында 28-ші орында тұр. Ал Солтүстік Корея бұл тізімде 20-сыншы орыннан көрінген. Біріккен Ұлттар Ұйымының 2015−2020 жылдарға арналған есебінде Солтүстік Кореядағы жалпы туу коэффициенті бір әйелге (бала көтеруге қабілетті) шаққанда 1,91-ді құрап отыр. Оңтүстік Кореяға қарағанда әлдеқайда жоғары. Бұл жағынан алғанда. Солтүстік Кореядағы адамның орташа өмір сүру ұзақтығы 72 жас, алайда, Оңтүстік Кореядағы адамның өмір сүру ұзақтығынан (82,5 жас) бір жылға кем. Алдын алла алынған мәлімет бойынша биылғы 7,71 млрдты құрайтын адамзат қарасы 2067 жылға қарай 10,38 млрд адамға жетпек. Ішінара алғанда, Азия халқының саны 50,5%-ға, ал Еуропалықтар қарасы 6,5%-ға, Латын америкалықтар 7,3%-ға, Солтүстік Америка халқының саны 4,3%-ға кемиді. Десе де Африка құрлығындағы халықтың саны керісінше 30,7%-ға артады. 2019 жылдың демографиялық дерегі бойынша әлемдегі халқының саны ең көп ел, әлбетте, қытай – 1,43 млрд адам. Одан кейінгі орынға Үндістан жайғасқан - 1,37 млрд адам. Үшінші орынға АҚШ табан тіреген - 329 млн адам, төртінші орыннан Индонезия көрінген - 271 млн адам. 2067 жылы халық санының көптігі бойынша Үндістан бірінші орынға шығады - 1,64, Қытай - 1,28 млрд адам, үшінші орынға Нигерия жайғасада - 528 млн, ал АҚШ төртінші орынды місе тұтатын болады – 400 млн адам.

0 пікір
Мұрағат