|
Екі жарым жыл ішінде мың шаршы шақырымға тарта жерді басып алған ел аталды
|
Газа секторындағы 2,5 жылға созылған соғыста Израил көрші араб мемлекеттерінің мың шаршы шақырымнан кем түспейтін аумағын басып алған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Financial Times мерзімді басылымына жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мәліметке сәйкес Израил басып алған Газа, Ливан және Сирия секторындағы жер көлемі оның аумағының 5% -ына тең (Палестина аумағы 1948 жылы). Жердің басым бөлігін Израил әскері Ливанның оңтүстігінде, Тел-Авив «қауіпсіздік аймағы» деп атаған 500 шаршы шақырымнан астам жерін «тартып алды». Израил билігі «шекара маңындағы аудандарда және түрлі төтенше аймақтарды» бақылауды желеу етіп, нақты жауаптан жалтарады. Соңғы күндері Израил сарбаздарының Құдыстың Ескі қаласынан мұсылмандар мен христиандарды жаппай көшіруге кіріскені туралы әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында жиі айтыла бастады. Бұдан бөлек, палестиналықтарды өз қонысынан қуып, заңсыз жолмен келімсектерді орналастырып жатыр.