Эболаға ұқсас қауіпті вирус табылды
Эболаға ұқсас қауіпті вирус табылды
3 жыл бұрын 2096 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Гвинея билігі Марбург дертінен алғаш рет адамның көз жұмғанын ресми растады. Аталмыш ауру ерекшелігі ағынан Эбола безгегіне ұқсас дерт. Бұл вирус та адамға жануардан жұғады. Бұл жайында islam.kz порталы bbc.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл дерттен бақилық болған азамат шілде айының 25-і күні ауырып, Гвинеяның Либериямен, Сьерра-Леонмен шектесетін шекара маңындағы Гукеду қаласына жақын шағын елді-мекенде тамыздың 2-сі күні осы дерттен көз жұмған. Бастапқыда оны Эбола вирусына тест тапсырғанда нәтижесі теріс шыққандықтан безгектен емдеген еді. Ол өлген соң тіндеріне жүргізілген зерттеу кезінде оның аса қауіпті жұқпалы індеттен дүние салғаны белгілі болды, дәлірегі, оның организімінен Марбург вирусы табылды. Марбург ауруы ең алғаш рет 1967 жылы Германияның Марбург қаласынан байқалған болатын. Сол себепті, атауы осы қаланың атымен байланысты алынған. Аталған жұқпалы індет ошағы - Германияға Африка құрлығынан тәжірибе жүргізу үшін әкелінген маймыл. Бұл дертке 31 адам шалдығып, оның жетеуі бақилық болған еді осы аурудан. Бұл жұқпалы індет Суданда, Кенияда, Анголада, Угандада, Оңтүстік Африка республикасында, Конго демократиялық республикасында, бүгінгі таңда Африканың батыс аймағында тіркелген. Бұл дерттен өлу қатері 24 пайыздан 88 пайызға дейін жетеді. Вирус ас қорыту және орталық жүйке жүйесін зақымдайды, емделуі қиын. Алғашқы симптомдары (белгілері): жоғары температура (дене қызуының көтерілуі), меңдеген бас ауруы, әлсіздік. Нкгізгі тасымалдаушысы – жарғанаттар. Вирус ауа тамшылары арқылы беріледі немесе осы дертке шалдыққан науқаспен тікелей жанасқанда я болмаса науқастың организімінен бөлінген қандай да бір сұйықтық (түкірік, зәр, қан, т.б.) арқылы жұғады. Бұл жұқпалы індеттің таралу қатері жоғары болғандықтан оны басталған кезінде тоқтатуға күш салуы тиіс. Қазіргі уақытта ДДСҰ-ның ондаған эпидемиологы Гвинеяда жүр. Әзірге Марбург ауруына қарсы екпе жасалмаған.

0 пікір
Мұрағат