Бұл елде шариғат енгізілгеніне екі жыл толды
Бұл елде шариғат енгізілгеніне екі жыл толды
8 жыл бұрын 3426

Бруней - Оңтсүтік-шығыс Азиядағы шариғат ұлттық деңгейде қолданылатын бірден-бір жалғыз ел. Борнео аралының солтүстік-батысында орын тепкен шағын, шағын болғанымен мұнай мен газға бай сұлтанат билеушісі, сұлтан Хассанал Болкиах өзінің пәрменімен 2014 жылдың мамыр айының 1-і күні сұлтанат аумағында шариғаттың енгізілгенін жариялаған болатын. Брунейде шариғаттың қолданысқа енгізілуі үш кезеңнен тұрады. Биыл шариғаттың ең жұмсақ кезеңі басталды: жеңіл-желпі жазамен шектелетін. Ол қоғамдық орындар мен ел көзінше әдепсіздік жасағандарға, жұма намазын оқымағандарға, зина арқылы бала көтеріп қалғандарға, ішімдік ішкендерге, т.б. айыппұлдар салу, абақтыға жабу қарастырылған. Ал екінші кезеңінде шариғат ұрлық пен тонау секілді ауыр қылмыс жасағандарға қолданылатын болады. Қылмыстың ауырлығына орай оның жазасы да қатая түспек: дүре соғу, қолын шабу. Келесі жылдың соңына таман тас борату секілді ең қатал жаза жұбайының көзіне шөп салып, зина жасағандарға, ер адаммен төсек қатынасында болған ер адамдарға, т.б. қолданылады. Аталған елде шариғат ұлттың жаһанданудың обыр өңешіне жұтылып кетпесі үшін әрі батыстың іріп-шіріген, сөйтсе де ықпалы орасан құндылықтары мен жат құбылыстарына тосқауыл қою үшін енгізіліп отыр. Аталмыш сұлтанатта 420 мыңға тарта тұрғын бар, билік тізгінін ұстаған 67 жастағы сұлтан Хассанал Болкиахтың шариғатты енгізу турасындағы жарлығына әркім әрқалай қарайды. Мұсылман болып табылатын малайлықтар қолдау білдірсе, халықтың 15 пайыздайын құрайтын қытайлар үрке қарап отырғандарын жасырмайды. Олар, тіпті, жыл басында монархтың тым қатал кеткеніне сын айтқан болатын. Алайда, бұл елде сұлтанның сөзі – заң, талқылауға жатпайды, алайда, неге екені белгісіз, шариғаттың енгізілгені жария етілсе де оның нақты қолданысқа енуі белгісіз себептермен кешеуілдеген болатын. Сұлтанды ел аумағындағы қытай диаспорасы ғана емес, сонымен қатар, халықаралық қауымдастық пен Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшылары да сынға алған болатын. Шариғатты қолданысқа енгізгені үшін. 

0 пікір
Мұрағат