Британия қоғамы Таяу Шығыспен тығыз байланыс орнатуды жақтап отыр
Британия қоғамы Таяу Шығыспен тығыз байланыс орнатуды жақтап отыр
2 жыл бұрын 1437 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінің The National басылымының тапсырысымен арнайы жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, Ұлыритания тұрғындарының арасында араб елдерімен тығыз қарым-қатынас орнатуды жақтаушылар қарасы көбейген. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Deltapoll нәтижесі Ұлыбритания үкіметі Парсы шығанағымен байланысын тереңдете бастағаннан кейін он жылдан астам уақыт өткен соң белгілі болған. Яғни, ондаған жылдарға созылған Тұманды Альбион елінің Таяу Шығысқа қатысты саясаты өз жемісін берген. Аталған сауалнама нәтижесі: 2096 респонденттің 31%-ы Ұлыбритания араб әлемімен тығыз қарым-қатынасты дамытуы керек десе, 31%-ы қарым-қатынас бұрынғыдай қалуы керек деген. Бұл нені білдіреді? Таяу Шығыстың кәрі құрлықтағы аталған елмен интеграциясының жаңа белеске көтерілуін білдіреді. Дәлірегі, Ұлыбритания мен Таяу шығыс аймағы арасындағы байланыс пен ынтымақтастық тең әріптестік әрі гуманитарлық сипат алып келе жатқанынан хабар бермек. Бұл құбылыс геосаяси жағынан алғанда Таяу Шығыс елдерінің әлемдік қаржы және экономикалық орталықтарының бірінен саналатын Ұлыбританиямен арадағы өзара ықпалдастықтың жаңа кезеңінің басталғанын көрсетеді. Лондондағы Кингс колледжінің қорғаныс зерттеулерінің доценті, доктор Дэвид Робертс 2010 жылы Дэвид Кэмеронның Ұлыбритания премьер-министрі қызметіне кіріскеннен кейін Ұлыбританияның аймақпен байланысы жаңа белеске көтерілгенін алға тартып отыр. Бұл бағытта, әсіресе, қорғаныс және экономикалық байланыс тереңдеген. «Тони Блэр мен Гордон Браун дәуірінде Ұлыбритания салыстырмалы түрде оқшауланған болатын. Парсы шығанағына басымдық берілмеген», - деді доктор Робертс 1997-2010 жылдардағы Ұлыбританияның еңбек премьер-министрлеріне сілтеме жасай отырып. «Шығанақ монархияларындағы қауіпсіздік саясаты» атты алдағы кітаптың авторы, доктор Робертс өз кезегінде Борис Джонсонның Британ мен Таяу Шығыс арасындағы қатынастың қандай екенін анықтау қиын екенін жазды. Ұлыбритания 2018 жылы Бахрейнде тұрақты әскери-теңіз базасын және сол жылы Оманда Ұлыбританияның бірлескен логистикалық базасын ашты. Сөз соңында таяуда Ұлыбритания тағына отырған Чарльз ІІІ-тің араб әлемі мен Таяу Шығыс мәдениетіне деген ықыласының өзгеше екенін айта кетпекпіз. Оның Парсы шығанағы елдерінің монрахтарымен достық қарым-қатынаста екенен ескерсек, бұл қарым-қатынас одан ары тереңдей түседі деп болжауға болады.

Ұқсас материалдар: 

"Ұлыбританияның жаңа монархы Құран оқиды әрі хижабты қолдайды" (https://islam.kz/kk/news/alem/ulybritaniyanyn-jana-monarhy-quran-oqidy-ari-hijabty-qoldaidy-17359/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат