|
Босфор көпірінде берілгендерге көшедегі жұрт дүре соқты
|
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның жақтастары Босфор көпірінде берілгендерге шабуыл жасады. Оқиға орнында түсірілген суреттер әлеуметтік желілерде, соның ішінде Twitter желісінде пайда болды, - деп хабарлайды "tengrinews.kz" порталы "Lenta.ru" ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.. Суретте бүлікшілерді бейбіт тұрғындардың белдікпен сабап жатқанын көруге болады. Сонымен қатар, адамдар әскери техникалардың үстіне шығып, селфи жасап үлгеріп жатыр.
Қазіргі кезде, Босфор бұғазымен өтетін көпір жолдарындағы қозғалыс реттелді, деп хабарлайды ТАСС.
Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінің салдарынан қаза тапқандар саны бойынша шетелдік БАҚ өкілдері әр түрлі мағлұмат беруде. Мысалы, РИА Новости Түркия премьер министірі Бинали Йылдырымға сілтеме жасай отырып, 161 адам қаза тапты деп таратса,"НТВ" арнасы Түркия қарулы күштерінің Бас штабына сілтеме жасап, 200-ге жуық адамның қаза тапқанын хабарлады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді


