Бірге ота жасаудан шариғат шәлісін жамылғаны үшін бас тартты
Бірге ота жасаудан шариғат шәлісін жамылғаны үшін бас тартты
8 жыл бұрын 2470

Ұлыбританияда Чехиядан келген Владислав Рогозов есімді 46 жастағы дәрігер анестезиолог хирург мұсылман әйелмен бірге ота жасаудан бас тартып, шу шығарды. Операция бөлмесіне ақ халаттың ішінен шариғат шәлісін тағып алған әйелдің бұлай киінуін ерсі көріп, одан бөлмеден шығып кетуін талап еткен. Мұсылман әйел оның талабын орындап, операция бөлмесінен шығып кеткен. Бұл жайында «IslamNews» порталы "The Daily Express» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Алғашқыда аурухана ұжымы Рогозовтың жағына шығып, діни киім ота жасау барысында пациенттің инфекция жұқтырып алуына себепкер болатынын алға тартқан еді. Алайда, артынан денсаулық сақтау органы Рогозовтың позициясын құптамай, оны жұмыстан шеттетті. Қазіргі уақытта аталмыш құзырлы орын мен аталған денсаулық сақтау мекемесі шариғат шәлісін жамылған мұсылман әйелдерді ота жасауға жіберу керек пе, жоқ па, осы мәселені қарастырып жатыр.

0 пікір
Мұрағат