Бір елде «тарақандар» партиясы танымалдылығы жағынан биліктегі партиядан асып түсті
Бір елде «тарақандар» партиясы танымалдылығы жағынан биліктегі партиядан асып түсті
1 сағат бұрын 40 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Priyanshu Singh / Reuters

Үнділердің «Тарақандардың халықтық партиясы» елдегі ең танымал партиясына айналды. Бір ғана Instagram әлеуметтік желісіндегі жазылушыларының саны 18 млн адамнан асып кеткен. Бұл жағынан билік басындағы ұлтшыл партиядан асып түсті. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, билік тізгінін ұстаған премьер-министр Нарендра Моди жетекшілік ететін "Бхаратия джаната парти"-дің аталыш әлемжелідегі жазылушылары 15 млн адамнан асып жығылады. Оның өзінде бұл жазылушылардың жартысынан астамы Нарендра Модигее тиесілі. “Тарақандардың халықтық партиясы” қозғалысы Үндістан жоғарғы сотының төрағасы елдегі жастарды орынсыз кінәлаған мәлімдемесі болды – ол жұмыссыз жастарды күні бойы интернетте отырып алып, өзгелерді сынның астына алады, деп айыптады әрі осындай әрекеті үшін оларды “тарақандар” деп атады. Ал билік пен жастар арасындағы араздықтың түп-төркіні ІТ саласындағы жұмыс орнының жаппай қысқаруында жатыр. Үндістанның мемлекеттік статистикалық мекемесінің келтірген дерегіне қарағанда, өткен жылдың төртінші тоқсанында 20-24 жастағылар арасындағы жұмыссыздық 43,65 дан 44,49-ға дейін, ал 25-29 жастағылар арасында 13,35 дан 14,33-ға дейін артып кеткен. Әлемдегі халқы ең көп елде 2022 жылы 43,3 млн адам жоғарғы оқу орнына түскен екен. Жұмыссыздықтың белең алуына жасанды зерде технологиясының қарыштап дамығаны және жаппай автоматтандыру процесінің тездегені себеп болған. Foundit рекрутингтік компанияның бас директоры Шандра Гариса үнді экономикасының шапшаң дамуына қарамастан ІТ саласы артта қалған. Жасанды зерде технологиясының кеңінен қолданылуына байланысты.

0 пікір
Мұрағат